Галерея

Жаңалықтар
Жаңалықтар
Ұлт тұлғасы Нәзір Төреқұловтың есімі ұлықталды Баспаға басу

           Image Бүгін Н.Төреқұлов атындағы ІТ-мектеп-лицейінде аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақтан шыққан тұңғыш дипломат, ғалым Нәзір Төреқұловтың бюсті ашылды.

            Салтанатты рәсімде Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов, Халықаралық «Нәзір Төреқұлов» қорының төрағасы Әбдіжаппар Сапарбаев, Созақ ауданының Құрметті азаматы Қуаныш Айтаханов, «Парасат» орденінің иегері, ақын Исраил Сапарбай сөз алып, Нәзір Төреқұловтың елге, ғылымға сіңірген еңбегі жөнінде кеңінен тоқталды. Жиынға нәзіртанушы ғалымдар, жазушылар, Созақ ауданының Құрметті азаматтары қатысты. Салтанатты рәсімнен соң биыл Нәзір есімі берілген ІТ-лицей-мектептің ішінен ашылған мұражайдың лентасы қиылды.

            Аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінде ғылыми теориялық конференция өтіп, онда ұлт тұлғасын ұлықтайтын азаматтың өмірін бейнелейтін бейнебаян көрсетілді. Жиынды жүргізген Халықаралық «Нәзір Төреқұлов» қорының төрағасы Әбдіжаппар Сапарбаев дипломат ғалымның өміріне тоқталды. Ұлтымыздың аяулы ұлы Нәзір Төреқұлов туралы филология ғылымдарының докторы, профессор Әлібек Сейдехан,  Тарих ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Хазретәлі баяндама жасап, өміріне, шығармашылығымен еңбектеріне тоқталды. Сондай-ақ, Созақ ауданының Құрметті азаматы Сексенбай Тұрысбеков, Мыңжасар Асқаров құттықтау сөз сөйледі.

            Айта кету керек, биыл аудан орталығындағы Шолаққорған жалпы орта мектебіне Нәзір Төреқұлов есімі қайта беріліп, ІТ-мектеп-лицейі болды.

            Созақ аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған байқау Баспаға басу

Биыл Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Жастар жылы аясында 7 қазан мен 1 қараша аралығында қазақстандық жоғары оқу орындары бакалавриатының студенттері арасында - «Болашағың өз қолында!/Твоё будущее в твоих руках!» атты тақырыпта студенттік жобалар байқауын ұйымдастырады. Оған барлық ниет білдіруші студенттер мамандықтары мен оқыту нысанына қарамастан қатыса алады.

Байқауға қатысу үшін студент жеке өзі немесе командасымен (төрт адамнан аспайды) бірге жоба әзірлеуі қажет. Ол жинақтаушы зейнетақы жүйесінің маңыздылығы, жеке зейнетақы шотына жарна аударып, жинақ ақшаны молайту және ерікті жинақтарды қалыптастыру арқылы болашақта лайықты зейнетақы алуға болатындығы туралы ақпаратты халыққа тиімді жеткізуге бағытталуы тиіс. Яғни, ақпаратты әр түрлі байланыс арналары (мысалы, БАҚ-пен жұмыс істеу бойынша жоба, бейнеролик, тележобалар және т. б. ), IT шешімдер (ойындар, арнайы қосымшалар және т. б.) және басқа да әдістер арқылы халыққа жеткізетін дайын әрі тиімді шешім болуы қажет. 

Қиялға ерік беріп, тың идеялар ұсынуға шек қойылмайды! Үздік идеялар үшін бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Олардың ішінде ұялы телефондар, планшеттер және басқа да сыйлықтар бар.

Талпынып, әрекет етіп көр, жас дос! Дәл осы байқау сенің өміріңе оң өзгерістер енгізуі ғажап емес! Дәл сенің жобаң Қордың салымшылары мен алушылары арасында сұранысқа ие болуы мүмкін! Толық ақпарат Қордың www.enpf.kz сайтының «Жаңалықтар» бөлімі мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында.

Жұмыстарды, бейне сәлемдесу, арнайы нысан бойынша қатысушының өтінімі, сондай-ақ суреттер мен фотосуреттерді Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған. Оны көру үшін сіздің браузеріңізде Java-script-ті қолдау қосылуы қажет. электрондық поштасына  жіберу керек.  Сұрақтар туындаған жағдайда «БЖЗҚ» АҚ Жұртшылықпен байланыс департаментіне 331-66-99 (ішкі 5220) телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған. Оны көру үшін сіздің браузеріңізде Java-script-ті қолдау қосылуы қажет.

 
Зейнетақы қорында менің ерікті жарналар есебінен жинақ ақшам бар. Оны зейнет жасына жетпей ала аламын ба? Баспаға басу

Ерікті зейнетақы жинақтарының артықшылығы сол, оны зейнет жасына толғанға дейін, яғни – 50 жастан бастап ала беруге болады.

«БЖЗҚ» АҚ-тан ерікті жарналар есебінен қалыптасқан жинақтарды алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1)    алушының жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі және оны салыстыру үшін түпнұсқасы;

2)    алушының банк шоты туралы мәліметтер.

Атап өту керек, салымшылардың бұл тобына мүгедек болып табылатын және

Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен және кету ниетiн немесе дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар қосыла алады.

Еске саламыз, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 326-бабының талаптарына сәйкес БЖЗҚ-дан жүзеге асырылатын зейнетақы төлемдері салық салуға жататын табысқа жатады.

 
Осыдан екі ай бұрын немере ағам жол-көлік апатынан көз жұмды. Оның зейнетақы қорында жинақ ақшасы болуы мүмкін. Егер бар болса оны қалай алуға болады? Баспаға басу

Жеке зейнетақы шотындағы ақша салымшының (алушының) меншігі болып табылады және ол қайтыс болған жағдайда да «БЖЗҚ» АҚ-та мерзімсіз сақтала береді. Қайтыс болған салымшылардың заң немесе өсиет бойынша мұрагерлері мұра қалдырушының зейнетақы шотының бар болуы, онда қанша ақша бар екендігі және оның қозғалысы туралы анықтаманы Қорға  жазбаша сауал жолдау арқылы алуға құқы бар. Бірақ бұл үшін оларда Мұрагерлік құқығы туралы куәлігі болуы керек. Бұдан басқа мұндай анықтама соттарға да олардың жүргізуіндегі мұрагерлік істер бойынша беріледі.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары өсиет бойынша және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 31-33 - баптарына сәйкес мұраға қалдырылады. Зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, Қор қажет жағдайда (қанша уақыт өтсе де) оның отбасына немесе жерлеуді ұйымдастырған адамға жерлеуге арналған біржолғы төлем төлейді. Бұл төлем 1998 жылдан бері жүзеге асырылып келеді және оның көлемі әр жылдары әрқалай болып келді. Ал биыл оның сомасы тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшерінде (2525*52,4 = 132 310 теңге) белгіленген.

Бірақ бұл сома жеке зейнетақы шотында жатқан қаражаттан аспауы тиіс. Егер жерлеуге арналған біржолғы төлемнен кейін шотта қалған ақшаның сомасы ең төмен зейнетақы мөлшерінен (биыл: 36 108 теңге) аспайтын болса, онда бұл қалдық жерлеуге арналған бір жолғы төлемге қосылып төленеді. Заң бойынша жерлеуге арналған төлем 5 (бес) жұмыс күні ішінде алушының банк шотына аударылады.  

Жерлеуге арналған біржолғы төлемді алу үшін мынадай құжаттар талап етіледі: зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің немесе жерлеуді жүзеге асырған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы, зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы және алушының банк шоты туралы мәліметтер.

Ал зейнетақы қорында жерлеуге арналған біржолғы төлемнен кейін қалған зейнетақы жинақтарын алу үшін Мұрагерлік құқығы туралы куәлік қажет. Оны алу үшін мұрагер нотариусқа жүгініп, өтініш береді.

 

 
Мен зейнетақы қорындағы жеке шотымның жай-күйі бойынша ақпаратты қалай алуыма болады? Баспаға басу

Қазіргі уақытта зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты алудың бірнеше тәсілі бар. Сіз салымшы ретінде өзіңізге ыңғайлысын таңдай аласыз.

Мысалы, ақпаратты электрондық поштаңызға алуыңызға болады (бұл үшін «БЖЗҚ» АҚ кеңсесіне барып, жазбаша өтініш қалдыру керек).  

Ең ыңғайлы және ұтқыр тәсіл –  бұл ақпаратты www.enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет арқылы алу. Егер Сіздің логин мен пароліңіз немесе электрондық цифрлық қолтаңбаңыз бар болса, үйден немесе жұмыс кеңсесінен шықпай-ақ жеке шотыңыздың жай-күйін қадағалап тұруыңызға болады. Сонымен қатар смартфондар мен планшеттерге арналған ұялы қосымшаны пайдалануға  мүмкіндік бар. 

Егер ақпаратты «БЖЗҚ» АҚ мамандарынан алғыңыз келсе тіпті жақсы – Қордың бүкіл республика бойынша дербес қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. Солардың біріне барып, жеке зейнетақы шотыңыздың жай-күйі туралы ақпаратты және Қор мамандарына сұрақ қойып, толыққанды жауаптар ала аласыз.

Олардан басқа, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініште ақпаратты алу тәсілі ретінде пошта байланысы көрсетілген болса, үзінді көшірме салынған хат әрбір жылдың басында сол пошта байланысы бойынша үйіңізге жеткізіледі.  

 
Менің жолдасым Өзбекстан азаматы. Бірақ Қазақстанда тұрақты тұрамыз. Осы жерде жұмыс істеп жатырмыз. Жолдасым Қазақстанның азаматы болмаса да кейін зейнетақыдан құралақан қалмас үшін осы бастан зейнетақы қорына жарна аудара ала ма? Баспаға басу

Әрине, Сіздің жұбайыңыз Қазақстанның зейнетақы жүйесіне қатысуға құқылы. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес елімізде тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан азаматтарымен бiрдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады. Бұл ретте жұмыс берушіге жеке басты куәландыратын құжатты (шетелдіктер үшін – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, ал азаматтығы жоқ адамдарға – азаматтығы жоқ адамның куәлігі) ұсынса болғаны, жұмыс беруші күйеуіңіздің жеке зейнетақы шотына зейнетақы жарналарын аудара бастайды.

 
Мен таяуда жұмыстан шығып, «Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратураға түстім. Мен бұл жағдайда зейнетақы жарнасын төлеймін бе? Баспаға басу

Жоқ, төлеуге міндетті емессіз. Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес білім алу ұйымдарынан берілетін шәкіртақылардан, ҚР Үкіметі бекіткен мемлекеттік атаулы шәкіртақылардан және ҚР Президентінің арнаулы шәкіртақыларынан міндетті зейнетақы жарналары ұсталмайды және Қорға аударылмайды.  

 
Тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту Баспаға басу

2019 жылдың 1 қаңтарына қарай салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,4 млн бірлікті құрады. Олардың ішінде 9,8 млн шот  – міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), 479,5 мың шот – міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және 47 803 шот – ерікті зейнетақы жарналары есебінен ашылған.   

МЗЖ есебінен ашылған шоттардың ішінде 8 млн 730 мың шот (зейнеткерлік жасқа толғандарды, қайтыс болған немесе шетелге тұрақты тұруға кеткендерді есепке алмағанда) қызметтегі салымшыларға тиесілі. Бұл көрсеткіш еліміздегі жұмыспен қамтылған халық санына (2019 ж. 1 қаңтарына қарай 8 млн 965 мың адам) сәйкес келеді. Бұған қарап, елімізде жұмыспен қамтылғандар жинақтаушы зейнетақы жүйесімен толық дерлік қамтылған деп тұжырым жасауға болады.   

2018 жылдың қорытындысы бойынша жылына кемінде бір жарна болса да аударатын белсенді салымшылардың саны 6 млн 407 мың адамды құрады. Бұл көрсеткіш жыл сайын ұлғайып жатыр. Мысалы, 2017 жылы бұл көрсеткіш 5 млн 914 мың адамды құраған болатын. 

Бүгінде белсенді салымшылардың үлесі әлеуетті салымшылардың жалпы санының шамамен 76 пайызын (төрттен үші) құрайды. Бұл ретте 3 млн шотқа жылына – 12 жарна, ал 5 млн шотқа жылына – 6 жарнадан 12 жарнаға дейін түскен. Сондай-ақ 2018 жылы бір салымшының шотына орта есеппен – 9 жарна келіп түскен.

Салыстырып қарасақ, мысалы, Малайзияда белсенді салымшылардың үлесі шамамен 47 пайызды құрайды.

Атап өту керек, жарналардың тұрақты аударылып тұруы салымшының жұмыспен қаншалықты қамтылғандығына (тұрақты жұмыс, уақытша немесе маусымдық жұмыс), сондай-ақ салық режимдеріне (жеке кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға арналған арнаулы салық режимдері) байланысты. 

Негізі салымшылардың жеке зейнетақы шоттарын олардың алатын айлық табысы және жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтілі (МЗЖ-ның аударылу кезеңі және жиілігі) аясында қараған жөн. Өйткені МЗЖ осы айлық табыс есебінен аударылады.  

Елімізде салымшылардың көпшілігі зейнетақы жинақтарын енді-енді қалыптастырып жатыр. Салымшылардың 50 пайыздан астамының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне белсенді түрде қатысу өтілі 5 жылға жетпейді. Ал салымшылардың 75 пайыздан астамының жүйеге қатысу өтілі 5 жылдан жоғары, бірақ 10 жылға жетпейтіндігін айта кеткен жөн.   

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі іске қосылғалы бері міндетті зейнетақы жарналарын тұрақты аударып келген салымшылардың зейнетақы жинақтарының орташа сомасы ерлерде – 5,1 млн теңге, әйелдерде – 3,9 млн теңге болды.   

 
Ұялы қосымшаның жаңа мүмкіндіктері Баспаға басу

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылар мен алушыларға арналған ұялы қосымшасы қолдануға барынша ыңғайлы бола түсті.

Еске саламыз, Қордың қазақ және орыс тілінде жұмыс істейтін ұялы қосымшасы арқылы жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алуға, сондай-ақ зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді, шарттардың деректемелерін, жаңалықтарды, Қор филиалдарының байланыс нөмірлері мен мекенжайларын көруге болады. Енді осы қызметтердің қатары жаңа мүмкіндіктермен толықты. Олар: болжамды зейнетақы калькуляторы, онлайн-бот және халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына өтініш жасауға мүмкіндік беретін қызметтер. Бұл ретте зейнетақы калькуляторы арқылы болашақ зейнетақыны есептеуге мүмкіндік берілсе, онлайн-бот арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап алуға болады.   

Пайдаланушылар ұялы қосымшада тіркелу үшін бір реттік парольді қолдана алады. Пароль ұялы телефонға SMS-хабарлама ретінде жіберіледі.

Ұялы қосымшада екі әдіс бойынша: жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) мен құпиясөзді (пароль) енгізу және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы авторлануға болады. Сонымен қатар пайдаланушы Android пен IOS операциялық жүйесіне арналған Touch ID және IOS жүйесіне арналған Face ID сканерлік жүйесін қолдана алады.   

Қордың ұялы қосымшасын әдеттегідей Google Play және App Store дүкендерінен жүктеп алынады. 

«БЖЗҚ» АҚ ұялы қосымшасы жаңғыртылғанға дейін оны 2,5 миллионнан астам адам жүктеген. Қордың бұл электрондық қызметі бүгінде салымшылар мен алушылар арасында ерекше танымал болып отыр.   

Айта кетелік, «БЖЗҚ» АҚ өзінің ұялы қосымшасын алаяқтар мен хакерлердің шабуылынан қорғауға ерекше көңіл бөледі. Сондықтан жеке ақпараттардың құпия сақталуына уайымдаудың қажеті жоқ. 

 

 
Қазақстанда анықтамалардың 28 түрі қысқартылмақ Баспаға басу

Қазақстанда анықтамалардың 28 түрі қысқартылмақ

Азаматтарға арналған үкімет анықтамалардың тағы 28 түрін қысқартуды ұсынады. Бұл туралы электронды үкіметтің цифрлық жаңашылдықтарының тұсаукесері барысындағы өз сөзінде «Азаматтарға арналған үкіметтің» басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева мәлімдеді.

Оның айтуынша, мекенжай анықтамасынан кейін жылжымайтын мүліктің бар-жоғы, псих-нарко, туберкулезге қарсы диспансерлердің анықтамасы, жұмыссыз ретінде тіркелу сияқты және т.б. анықтамалар да жойылуы мүмкін.«Жыл сайын азаматтар ХҚО-дан 10 млн артық мекенжай анықтамасын алады. Оны жұмысқа тұру, балалардың мектепке, балабақшаға құжатын дайындау барысында және т.б. себептермен сұратады. Мекенжай анықтамаларын алып тастау – қазақстандықтардың ХҚО-ға 10 млн есе аз келетіндігін білдіреді», – деп атап өтті Балташева.

Реестрден аталған қызметтерді алып тастау мәселесі мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралатын болады. Оның нәтижесі бойынша анықтамалардың қай түрі мәліметтер санатына ауысатыны не мүлде жойылатыны шешіледі. Аталған анықтама түрлері Әділет министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Бас прокуратура сияқты жалпы 10 ведомствоға қарасты.

Еске салайық, бұдан бұрын ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мекенжай анықтамасын жою бастамасын көтерген болатын.  ҚР ІІМ бұл идеяға қолдау білдіріп, өзінің мәліметтер базасын өзге мемлекеттік органдармен интеграциялаған. 1 қарашадан бастап азаматтартұрғылықты жері бойынша тіркеуін egov.kz электронды үкімет порталындағы жеке кабинетінен тексере алады.

Айта кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жыл сайын қазақстандықтарға 30- миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетеді, олардың жартысынан көбі – ақпараттық анықтамалар. Оларды жою қызмет алушылардың өмірін жеңілдетеді, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жүктемесі мен қағаз айналымын азайтады деп жоспарлануда. 

                                                                                                        «Азаматтарға арналған үкімет»       

                                                                                               мемлекеттік корпорациясы»

                                                                                              Түркістан облысы филиалының        

                                                                                             Созақ аудандық «Халыққа қызмет             

                                                                                             көрсету бойынша» бөлім маманы 

                                                                                     Борибеков Руслан Айдарбекович
 
<< [Бірінші] < [Алдыңғы] 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 [Келесі] > [Соңғы] >>

Нәтижелер 46 - 60 ішінен 808

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 26 Қаңтар 20 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031   

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы