Галерея

Жаңалықтар
Жаңалықтар
Қазақстанда анықтамалардың 28 түрі қысқартылмақ Баспаға басу

Қазақстанда анықтамалардың 28 түрі қысқартылмақ

Азаматтарға арналған үкімет анықтамалардың тағы 28 түрін қысқартуды ұсынады. Бұл туралы электронды үкіметтің цифрлық жаңашылдықтарының тұсаукесері барысындағы өз сөзінде «Азаматтарға арналған үкіметтің» басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева мәлімдеді.

Оның айтуынша, мекенжай анықтамасынан кейін жылжымайтын мүліктің бар-жоғы, псих-нарко, туберкулезге қарсы диспансерлердің анықтамасы, жұмыссыз ретінде тіркелу сияқты және т.б. анықтамалар да жойылуы мүмкін.«Жыл сайын азаматтар ХҚО-дан 10 млн артық мекенжай анықтамасын алады. Оны жұмысқа тұру, балалардың мектепке, балабақшаға құжатын дайындау барысында және т.б. себептермен сұратады. Мекенжай анықтамаларын алып тастау – қазақстандықтардың ХҚО-ға 10 млн есе аз келетіндігін білдіреді», – деп атап өтті Балташева.

Реестрден аталған қызметтерді алып тастау мәселесі мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралатын болады. Оның нәтижесі бойынша анықтамалардың қай түрі мәліметтер санатына ауысатыны не мүлде жойылатыны шешіледі. Аталған анықтама түрлері Әділет министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Бас прокуратура сияқты жалпы 10 ведомствоға қарасты.

Еске салайық, бұдан бұрын ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мекенжай анықтамасын жою бастамасын көтерген болатын.  ҚР ІІМ бұл идеяға қолдау білдіріп, өзінің мәліметтер базасын өзге мемлекеттік органдармен интеграциялаған. 1 қарашадан бастап азаматтартұрғылықты жері бойынша тіркеуін egov.kz электронды үкімет порталындағы жеке кабинетінен тексере алады.

Айта кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жыл сайын қазақстандықтарға 30- миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетеді, олардың жартысынан көбі – ақпараттық анықтамалар. Оларды жою қызмет алушылардың өмірін жеңілдетеді, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жүктемесі мен қағаз айналымын азайтады деп жоспарлануда. 

                                                                                                        «Азаматтарға арналған үкімет»       

                                                                                               мемлекеттік корпорациясы»

                                                                                              Түркістан облысы филиалының        

                                                                                             Созақ аудандық «Халыққа қызмет             

                                                                                             көрсету бойынша» бөлім маманы 

                                                                                     Борибеков Руслан Айдарбекович
 
Әдеп жөніндегі уәкіл жеке қабылдау өткізді Баспаға басу

     ImageСозақ ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардағы әдеп жөніндегі уәкілі, аудан әкімінің аппарат басшысы – Оразов Қалдыбек Әбілдаұлы  жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдауға жазылған азаматтар тарапынан мемлекеттік қызметке қатысты сұрақтар қойылып, тиісті жауаптары берілді. 
Жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілі – мемлекеттік қызметшілердің қызметтік Әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін түсіндіріп, өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация берді. Жеке қабылдауға келген азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс пікірлерін тыңдады

 
«БЖЗҚ» АҚ-дағы «Ашық есік күні» Баспаға басу

 «Ашық есік күні» Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары үшін дәстүрлі түрде өткізілуде. Бүгін халықпен кезекті кездесу өтті, ал басты күн тәртібіндегі тақырып – «Ерікті зейнетақы жарналары».

Бұл тақырып кездейсоқ таңдалған жоқ, себебі ерікті зейнетақы жарналары келешекте еңбек сіңірген демалысқа шыққан кезде азаматтар үшін қосымша қаржылық қолдау бола алады.

Ерікті зейнетақы жарналарының басты артықшылығы – салымшы өзі үшін отбасы бюджетіне ыңғайлы соманы анықтап, шотқа салуға құқылы. Бұл жерде аударым сомасы ғана емес, олардың жүйелілігі де маңызды. Кездесуде заңды тұлғалардың өз қызметкерлері үшін ақшаны ерікті түрде қалай сала алатынын білгісі келетін түрлі компаниялар өкілдерінің көп болғанын атап өткіміз келеді.

Жеке тұлғалардың үшінші тұлғалар үшін ерікті жарналар салу мәселесіне де көңіл бөлінді. Көбіне бұл рөл жақындар немесе туғандар үлесіне тиіп жатады, мысалы, үй шаруасындағы өз жұбайының зейнетақы шотын толтыратын жолдасы, қазір жұмыс істей алмайтын ата-анасы үшін ерікті жарналар салатын балалары немесе басқа туысқандары және үшінші тұлғалар.

Ерікті зейнетақы жинақтарын жалпы зейнет жасынан әлдеқайда ертерек – 50 жастан бастап пайдалануға болатынына ерекше көңіл бөлінді. Бұл туралы толық ақпаратты https://www.enpf.kz/ru/services/recipient/voluntary-benefits.php сілтемесі арқылы біле аласыздар.

 «Ашық есік күніне» келген қатысушылар зейнетақы калькуляторы арқылы өз зейнетақысын міндетті жарналарды ескеріп есептеп қана қоймай, ерікті жарналар салғаннан кейінгі мүмкін пайданы да есептеп көрді.

«БЖЗҚ» АҚ филиалдарының барлығында іс-шараға қызығушылықпен көп салымшылар қатысып жандандыра түсті.

«Ашық есік күнінің» соңында қатысушылардың барлығына бағалау сауалнамасы арқылы өз тілектері мен ескертулерін айту мүмкіндігі беріледі. Олардың барлығы жуырда міндетті түрде ескерілетін болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін көтеру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 
Президенттік жастар кадрлық резервіне қатысуға байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілуді Баспаға басу

           Image Аудан әкімі аппаратының басшысы Қалдыбек Оразов Шолаққорған ауылындағы индустриялды аймақтағы бөшке шығаратын «UKO-S-Star» ЖШС мен иодтталған тұз өндіретін «Дархан-Ас» ЖШС болып, ондағы жас жұмысшы- қызметкерлермен кездесті.

            Кездесу барысында аудан әкімі аппаратының басшысы Қалдыбек Оразов «Қазақстан Республикасы Президенті Қасым- Жомарт Тоқаев өзінің қызметіне кірісер алдында Қазақстанды дамытуда жастардың қозғаушы әрі шешуші күшке ие екенін айтып, «Президенттің кадрлық резерві» жасақталатынын айтқан болатын. Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін мемлекеттік қызмет саласындағы саясаттың негізгі басымдықтары, Президенттік жастар кадрлық резервінің негізгі мақсаты мен міндеттерін жеткізу бойынша кездесіп отырмыз»- деді.

            Жиын барысында өндіріс орнының қызметкерлері кадрлық резервке қатысты көкейіндегі сауалдарын қойып, пікірлерін білдіріп жатты. Жобаға өз қызығушылықтарын білдіріп, аудан әкімдігі қызметкерлерінің жүргізіген ақпараттық жұмыс үшін алғыстарын білдіріп, әріптестерін Президенттік кадрлық резервті қолдауға шақырды.

            Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 

 
Әлеуметтік құқықтары түсіндірілді Баспаға басу

           Image Созақ аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен аудандық пробация қызметі бөлімінде есепте тұрған тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету деңгейінің жұмысымен танысу бойынша мекемеаралық мәжілісі өтті.

            Жиынға Созақ ауданының прокуроры, әділет кеңесшісі Айтболат Досаев, Созақ ауданы әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды және Созақ аудандық Полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Қуаныш Жұмағұл қатысты.

            Алғашқы болып сөз алған Созақ аудандық прокуратурасының прокуроры Жалғасбек Сұлтанбек пробация саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен олардың тиімділігі, саладағы кемшіліктерге тоқталды.

            Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Айтбаевтың, Пробация қызметі бөлімінің бастығы Нұрдос Әлиевтің және Созақ аудандық Полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметінің бастығы Нұрғазы Қазанғаповтың пробация саласында атқарып жатқан жұмыстары туралы есептері тыңдалды.

            Жиынға қатысушыларға Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауының негізгі бағыттары түсіндірілді. Жолдауға сәйкес алдағы уақытта кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау жасалатыны айтылды. Сондықтан да осы мүмкіндікті барынша пайдалануға шақырды.

            Баяндамашыларға жиынға қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, әртүрлі мәселелер бойынша кеңестер алды.

            Аудан әкімінің баспасөз хатшысы.

 
Департамент пен облыстық филиал созақ ауданында жәрмеңке өткізді Баспаға басу

            ImageҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының ұйтқы болуымен Созақ ауданы, Шолаққорған селосындағы Н.Төреқұлов атындағы ІТ-лицей-мектебі базасында мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша сервистік жәрмеңке өтті.
Жәрмеңке мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсетуді цифрландандыруды насихаттау.
Жәрмеңке барысында департамент басшысы Болат Исақов Жұмыспен қамту орталығы, ХҚКО, аурухана, білім бөлімі қызметкерлері мен тұрғындарға түрлі сұрақтар бойынша кеңестер берді.
Жәрмеңке барысында Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп пен №24 колледждің ұжымы келушілерге телеграм бот бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді және «Өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштарын» ала келіп, жұртшылыққа үйрету сабақтарын өтті.
Айта кету керек, жәрмеңкеге 200-ден аса адам келіп, ұйымдастырушылар таратқан түрлі парақшалар, брошюролар, жадынамалармен қамтамасыз етілді.
Болат Әлмұханұлы мемлекеттік органдардың жәрмеңке барысындағы жұмыстарына жоғары бағасын берді.

            Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
Түркістандық жүргізуші көлігін онлайн тіркеу арқылы 10 мың теңге ұтып алды Баспаға басу

«Азаматтарға арналған үкімет» жүргізушілер арасында өткен «Көлігіңді онлайн тіркеп, ұтып ал оған дөңгелек» атты байқаудың қорытындысын шығарды. Ұтыс ойыны астаналық мамандандырылған ХҚО-да өтіп,корпорацияның ресми Instagram әлеуметтік желісінде тікелей трансляция арқылы көрсетілді.

Естеріңізге сала кетейік, 1 тамызда жарияланған байқау бір айға созылды. Байқау шарты бойынша қатысушылар өз көліктерін 2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін электрондық үкімет порталында онлайн тіркеуі тиіс болатын.

Айта кетейік, бұл шара бұған дейін өткізілетін барлық шаралардың ішіндегі ең ауқымдысы болды - байқауға барлығы 4 696 адам қатысты.

Байқаудың басты демеушісі – Aster Auto ұсынған жүлделер автоәуесқойлар үшін нағыз пайдалы сыйлық болды. Олардың арасында дөңгелектер жиынтығы, сақтандыру полисі, көлік жуу абонементі (автокөлікті химиялық тазалау), бейнетіркегіш, май ауыстыру және толық баг жанар-жағармайға талон бар.

Жеңімпаз ЖСН-ның кездейсоқ генерациясы әдісімен анықталды. Қорытындысында түркістандық Серік Сұлтанов, жамбылдық Майя Аманжолова, қызылордалық Әділет Асқаров, павлодарлық Сергей Смешеев және Алматы облысының тұрғыны Қуаныш Бегалиев бағалы сыйлық иелері атанды. Бас жүлдеге қойылған дөңгелек жиынтығына ақшалай сертификатты Қостанай қаласының тұрғыны Николай Потоцкий ұтып алды.

«Мен үшін бұл нағыз тосынсый болды. Ұйымдастырушылар қоңырау шалып, сіз бас жүлдені ұтып алдыңыз дегенде сенер-сенбесімді білмедім. Мен үшін көлігімді еш қиындықсыз, жылдам, бірнеше минутта онлайн тіркегеннің өзі сыйлық еді.Ұйымдастырушыларға осындай шын мәнінде пайдалы жүлде үшін рақмет айтқым келеді. Енді барлық қызметті тек онлайн әдіспен аламын», – деп түркістандық Серік Сұлтанов өз қуанышымен бөлісті.

Айта кетейік, бұл «Азаматтарға арналған үкімет» өткізетін соңғы байқау емес.Он үшінші тамызда жаңа босанған аналар арасында«Анаға цифрлық көмек» атты байқау жарияланған болатын. Байқау шарты бойынша ата-аналар бала туу жөніндегі жәрдемақыға өтінішті онлайн рәсімдеп, балаларға арналған тауарлардың иесі атана алады.

                                                                                                        «Азаматтарға арналған үкімет»       

                                                                                               мемлекеттік корпорациясы»

                                                                                              Түркістан облысы филиалының        

                                                                                             Созақ аудандық «Халыққа қызмет             

                                                                                             көрсету бойынша» бөлім маманы 

                                                                                             Мансариев Еркебулан Ержуманович                                                                       

 
БЖЗҚ-дағы Ашық есік күні Баспаға басу

Халық арасындағы насихаттау жұмысы аясында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 20 қыркүйекте Қазақстан аумағындағы өзінің барлық филиалында «Ашық есік күнін» өткізеді.

Күннің басты тақырыбы – «Ерікті зейнетақы жарналары – өзіңіздің және жақындарыңыздың қамын ойлаңыз». Қазір – бұл зейнетақы жинақтары саласындағы ең жиі талқыланатын мәселелердің бірі. Қор мамандары келешекте салымшыларды қандай артықшылықтар мен бонустар күтіп тұрғанын айтып береді.

Сонымен қатар бұл іс-шара мақсаты – зейнетақы жүйесінің жалпы жұмысына қатысты басқа да мәселелер бойынша салымшыларды кешенді хабарландыру.

Іс-шараға қатысушылардың барлығына бағалау сауалнамасы арқылы өз тілектері мен ескертулерін айту мүмкіндігі беріледі.

Сіздерді «БЖЗҚ» АҚ кеңселерінде күтеміз!

Біз сіздерді Шымкент қаласы Бәйдібек би даңғылы 45 мекенжайындағы «БЖЗҚ» АҚ Түркістан облыстық филиалының кеңсесінде күтеміз.

 
Несиені жабу Баспаға басу

          ImageҚазіргі таңда Президенттің Жарлығы бойынша қарыз жүктемесінің төмендеуі мен несиенің бір бөлігін жабу жүріп жатыр. Бұл хабар барша қазақстандықты қуантқаны рас. Алайда халық арасында бұл жеңілдікті кімдер пайдалана алады, қарызы кешірілетіндердің тізімінде болмаса не істеу керек деген сұрақтар туындауда.
Осы сұрақтарды талқылап, кіші-гірім лайфхактармен бөлісуді жөн көрдік.

ӨЗ МӘРТЕБЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ:
-enbek.gov.kz сайтына кіріңіз;
- «Борыштық жүктемені төмендету бағдарламасына қатысу үшін мәртебені тексеру» тетігін таңдау;
-Өз ЖСН-іңізді жазып, мәртебеңізді білу.

НЕМЕСЕ:
-- 111- біріңғай нөмеріне хабарласу.

ТАҒЫ ДА:
-egov.kz электронды порталында көруге болады.

ЕҢ СОҢЫНАН, БАСҚА АМАЛЫҢЫЗ БОЛМАҒАН ЖАҒДАЙДА ҒАНА:
- ХҚО-ға барыңыз.

           Алайда, егер сіздің аты-жөніңіз тізімде болмаса және сіз онымен келіспесеңіз, онда сізге --111, 74-32-20, 75-01-79 және 75-01-78 нөмірлеріне хабарласу керек.
Егер сізді тізімнен алып тастау себебімен келіспесеңіз, онда Сізге банкке немесе несие берген микрокредиттік ұйымға жүгіну қажет.
          Уақытыңызды әр түрлі жұмсауға болады, бірақ біз әрқашан сіз үшін оңтайлы шешім табуға тырысамыз және бос уақыттарңызды жақындарыңызға көбірек жұмсағандарыңызды қалаймыз.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Түркістан облысы филиалының баспасөз қызметі.

 

 
Президент жолдауын жүзеге асыру мақсатында жиын өтті Баспаға басу

          Image  Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына байланысты жиын өтті.

            Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Ермұханұлы Аманбаев, аудан әкімі Салыхан Сабырұлы Полатов, аудандық мәслиахттың хатшысы Бегімбет Биімбетұлы Байғараев, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, мәслихат депутаттары, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары және аудан тұрғындары, БАҚ өкілдері қатысты.

            Аталған шараны аудан басшысы Салыхан Полатов жүргізіп, Жолдауда көрсетілген негізгі бағыттқа тоқталды.  Ахмет Байтұрсынов  атындағы жалпы орта мектебінің директоры Талғат Шаймерденовтің баяндама жасап, Жолдауда айтылған міндеттерге тоқталды. «Жолдаудың негізгі өзегі- қоғамның халықпен. Сонымен қатар саяси реформалар мен саяси бәсекелестікті дамыту жөнінде тұжырымдамалар ұсынды.         Президент мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту мәселелеріне баса ман берді»,- деді өз баяндамасында.  тоқталды. Жарыссөзге шыққан зиялы қауым өкілі, ақын Мыңжасар Асқаров азаматтық қоғам құру, ашықтық , халықпен кері байланыс бүгінгі қоғамның талабы. Енді Жолдаудағы тапсырмаларды іс жүзіне асыру міндеті тұр.- деді. Сондай-ақ, кәсіпкер Бибімәрия Досмағанбетқызы Тұрмаханова өз ойын ортаға салды.

            Салыхан Сабырұлы ауыл әкімдері мен бөлім басшыларына тұрғындар арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізуді жүктеді. Сондай-ақ, Ішкі саясат бөлімі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша кешенді шаралар жоспарын жасауға тапсырма берді.

            Жиынды қорытындылаған облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев Мемлекет басшысы Жолдауында атап көрсетілген мәселелерді негізге ала отырып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бар күш-қайратты жұмсауға шақырды.

            Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
<< [Бірінші] < [Алдыңғы] 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 [Келесі] > [Соңғы] >>

Нәтижелер 16 - 30 ішінен 769

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 22 Қазан 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031     

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы