Галерея

Жаңалықтар
Жаңалықтар
«5 сауал» атты дәстүрлі айдарымызды жалғастыра отырып, сіздердің назарларыңызға келесі ақпаратты ұсынамыз Баспаға басу

1. Мен екі айдан кейін зейнеткерлікке шығамын. Биыл зейнетақы заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы естідім. Осы туралы толығырақ білгім келеді. Мен зейнетақыны қалай аламын?  

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен құралған зейнетақы төлемдері тек ай сайын жүзеге асырылып жатыр.

Бұл ретте зейнетақы төлемдерін алушы алғаш рет өтініш берген күні, оның шотындағы жинақтардың сомасы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса, бұл сома алушыға бір рет толығымен төленеді. Биыл ең төмен зейнетақының мөлшері: 33 745 теңге. Сәйкесінше оның 12 еселенген мөлшері: 404 940 теңге.

БЖЗҚ-дан ай сайынғы төлемдерді есептеу үшін зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенттері қолданылады. Коэффициенттер кестесі тұрақты шама және ол ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген.

Ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшері алушының жасына, сондай-ақ оның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасына байланысты болады. Алушының жасына сәйкес зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы тиісті коэффициентке көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Одан шыққан сома – айлық зейнетақы болып табылады.  

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Сіздің ай сайын алатын зейнетақы төлемдеріңіз былайша есептеледі: алушының зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы оның тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентіне көбейтіледі (мысалы 63 жаста ол - 0,10467 санын құрайды). Шыққан сома 12-ге бөлінеді. Одан алынған сома Сіздің тиісті күнтізбелік жылдағы айлық зейнетақыңыз болып табылады. 

Еске сала кетелік, БЖЗҚ-ның www.enpf.kz ресми сайтында зейнетақы калькуляторы орналастырылған. Сол арқылы болашақта алатын ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің шамасын болжамды түрде есептеп шығаруға болады.

Жалғасы...
 
Зейнетақының сақталуына мемлекет кепіл Баспаға басу

Зейнетақы жинақтарының сақталуы – әрбір қазақстандықты толғандыратын келелі мәселелердің бірі. Бүгінгі салымшылардың басым бөлігі ондаған жылдардан кейін зейнетке шығатынын ескерсек, жұртшылықтың алаңдаушылығын түсіну қиын емес. Қарттық шағына қаржы жинауға асықпайтын кей отандастырмыз да өз бейқамдығын ақтау үшін «Зейнетақымыздың сақталатынына кім кепіл?» деген  сылтау айтады. Шын мәнісінде Қазақстан азаматтардың зейнетақы жинақтарының зейнетке шығу сәтіндегі инфляция деңгейін ескере отырып   сақталуына кепілдік беретін бірден –бір елдердің санатында екенінен халықтың көпшілігі бейхабар . 

Міндетті жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыс істейтін Жапония, Чехия, Словакия сынды елдермен салыстырмалы түрде алатын болсақ, оларда зейнетақы жинақтарына инвестициялық табыс мүлде қарастырылмаған. Бұл елдердегі басқарушы қорлар жарналардың номиналды, яғни нақты жиналған сомасының сақталуына ғана кепілдік береді. Бұл дегеніңіз инфляция есепке алынбайды, инвестициялық табыс нольге тең деген сөз. Басқаша айтқанда, адам қорға қанша жарна аударса, ақырында қолына сонша қаржы тиеді.

Словенияда басқарушылардың шекті табысы мемлекеттік облигациялардың орташа табыстылығының 40 пайызынан кем болмауы заң жүзінде бекітілген. Чилиде басқарушы қорлардың табыстылығы әркелкі, бірақ алдыңғы 36 айдағы шынайы табыстылықтың орташа көрсеткішінің 2 пайызынан кем болмауы тиіс. Германияда зейнетақы қорлары зейнетке шыққан күнге 2,25 пайыз табыстылыққа кепілдік береді.  Венгрияда зейнетақы қорларының инвестиция табыстылығы мемлекеттік облигациялар табыстылығының 15 пайызынан кем болмауы кепілдендірілген. Ал Австрия, Швеция, Эстония, Израиль, Мексика және  Норвегия  сынды елдерде зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік мүлде қарастырылмаған.

Жалғасы...
 
Қарттық шақ қазыналы болсын десеңіз... Баспаға басу

Адам баласы негізі мектеп жасына дейін және зейнеткерлікке шыққаннан кейін еркіндеу өмір сүреді екен. Одан басқа кезең әрине қарбалас тірлікке толы: мектепке барады, университетте оқиды, жұмыс істейді. Енді мектеп қабырғасында көңіл сүйген өнермен айналысуға мүмкіндік бар (спорт, музыка, би, сурет салу) деп айтуға болады. Студенттік жылдары да сүйікті ісіңмен айналысуға уақыт табылады. Бірақ, жұмыста басқа тірлікке мойын бұруға уақыт табу қиын. Адам бұл кезеңде өзі үшін емес, әйелі, бала-шағасы үшін өмір сүреді. Сананы тұрмыс билейді: «Үй салсам екен, сол үйде бала-шағамаман болып, қарындары тоқ, уайымдары жоқ болып, қатарынан қалмай өмір сүрсе екен», - деп тілейсің. Оның үстіне ата-анаңды, туған-туыстарыңды, дос-жарандарыңды, әріптестеріңді  ұмытуға болмайды. Абыройыңды сақтай отырып, барлығымен лайықты қарым-қатынас жасағың келеді. Қолыңнан келсе, қамқор болуға, қолдау көрсетуге дайынсың. Ал өзіңе қарауға,тіпті уақтысында лайықты емделіп алуға да уақыт табылмай жатады. Бітпейтін күнделікті қу тіршілік өзіңді ұмыттырып жібереді... Ал демалыс күндері жаның қалайтын іспен айналысуға уақыт анда-санда табылса табылар, табылмаса ол да жоқ. Осылай өмір шіркін «Сіз бен бізге білінбей» өте береді, өте береді. Сөйтіп жүргенде шашқа ақ кіреді, бел ауырып, балтыр сыздай бастайды... Ал көңілдегі армандар қол жетпес сағымдай болып қала береді.

«Сонда адам тек бала кезіңде және зейнет жасыңда ғана емін-еркін демалып, қалаған ісімен айналыса алады екен ғой» деген ой келеді. Тек бұл жерде баланың ата-анасы мен ата-әжесі тұрғанда ақшаның қайдан келетінімен ісі болмайды. Ал зейнет жасында сүйікті іспен айналысуға уақыт табылғанымен, оған ақша табыла қояр ма екен? Белгілі орысжазушысыВалентин Катаевтың «Кішкентай сыбызғы мен құмыра» деп аталатын ертегісін білесіз бе? Онда сиқыршы кішкентайқызға сыбызғы сыйлайды. Сол сыбызғыда ойнасаң, алаңқайда жапырақтардың астына жасырынған жидектердің барлығы көрінеді. Оларды еш қиналмай жинауға болады. Бірақ, жинауға ыдыс жоқ. Сонда жеткіншек қыз сиқыршыға өтініш жасайды. Сиқыршы сыбызғының орнына кішкентай құмыра береді. Қыз қуанып, алаңқайға жүгіріп шығады. Бірақ, жидектер сыбызғының әуені естілмеген соң көрінбейді. Мінеки, өмірде де солай, сыбызғы болса, құмыра жоқ, құмыра болса сыбызғы жоқ. «Әттең тонның келтесі-ай»! Жұмыс істеп жүрген кезде ақша бар, бірақ уақыт жетпейді, зейнетіңде уақыт бар, бірақ, қалтаң таяз.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: зейнеткерлікке шығып, қазыналы, қалталы қарт болып жүру үшін, сүйікті ісіңе қысылмай ақша жұмсау үшін ерте бастан қамданып, болашаққа қор жинағанабзал. Қаншалықты көп жинасаңыз, зейнет жасында алар зейнетақы да қомақты бола түседі. Яғни, «Не ексең, соны орасың». Әрине, қалта қалың болса, спортпен айналысуға, немерелерді ертіп, концерт, театрға баруға болады. Шипажайға барып демалуға,ел аралауға  мүмкіндік табылады. Жастық шақта тартқан бейнеттің қартайғанда зейнетін көру үшін болашақты бүгіннен жоспарлап, құрметті демалысқа қаржы жинаңыз. «Тарта жесең тай қалар, тартпай жесең не қалар!?», - деп ата-бабамыз бекерге айтпаса керек-ті. Демек, зейнетақы шотыңыз тұрақты түрде жарналармен толығып тұрса,ол  - қамсыз қарттығыңыздың кепілі! Бұл үшін ерікті зейнетақы жарналарының да тигізер септігі зор.«Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» демекші, ерте бастан қамданып, болашағының іргесін бүгіннен бастап қалауға кіріскен жанның болашағы да жарқын бола түсері сөзсіз!

 
Шағын және орта бизнес үшін Шымкент қаласындағы "Қазпочта экспорттық мектебі" семинар-тренингісі Баспаға басу
Image
 
«5 сауал» атты дәстүрлі айдарымызды жалғастыра отырып, сіздердің назарларыңызға келесі ақпаратты ұсынамыз Баспаға басу

1.    1. Салымшы (алымшы) ЖЗШ-ның жай-күйі туралы ақпаратты қандай жиілікпен ала алады?  

БЖЗҚ салымшыға (алымшыға) оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты кем дегенде жылына бір рет, сондай-ақ, оның сұрауы бойынша кез-келген күні, төлемақы ұстамай, яғни тегін беруі тиіс. Сонымен қатар, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа электрондық және басқа да   хабарландыру әдістеріне қолжетімділігін қамтамасыз етуге міндетті.

 Зейнетақы жинақтары туралы ақпарат салымшыға (алымшыға) ол таңдаған хабарландыру әдісімен жүргізіледі. Бұл үшін алымшы (салымшы) келесі хабарландыру әдістерінің бірін таңдауы тиіс:

 - БЖЗҚ  кеңсесіне жеке өзі келген жағдайда немесе интернет арқылы байланысқа шыққан болса, салымшылардың  (алымшылардың) қанша рет ақпарат сұратуына шек қойылмаған;

- ЖЗШ ашуға жазылған арыздың реквизиттерінде немесе ақпараттандыру әдісін өзгерту/таңдау туралы қосымша келісімде көрсетілген электрондық поштаның мекен-жайына ақпарат таңдалып алынған әдіс бойынша (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда, бір жылда) бір мәрте;

- пошта байланысы арқылы – жылына бір мәрте; 

          - интеренет-ақпараттандыру – онлайн режимінде; ақпараттандырудың бұл әдісі арқылы жеке зейнетақы шоты бойынша enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы ғана емес, смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF мобильді қосымшасы арқылы да ақпарат алуға болады. Сонымен қатар, жеке зейнетақы шоты туралы электрондық үкіметтің сайтындағы «Әлеуметтік қамсыздандыру» - «БЖЗҚ-ның зейнетақы шотынан үзінді-көшірме» бөлімінен ҚР электрондық үкімет порталында тіркеліп, электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) болған жағдайда алуға болады. 

 2.    2. Салымшы (алымшы) мекен-жайы өзгерген жағдайда бұл туралы БЖЗҚ-ын ескертуге міндетті ме?  

2013 жылдың  21 маусымында қабылданған № 105-V «ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңының 39 бабы 4 тармағы 1) тармақшасына сәйкес,  міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын салушылар мен БЖЗҚ-ның алымшылары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпке сай БЖЗҚ-ны Қор міндеттемелерін орындауға әсер ететін барлық өзгерістер туралы бұл өзгерістер туындаған сәттен бастап он күнтізбелік күн ішінде ескертуі тиіс.

Жалғасы...
 
Астана күніне арналған салтанатты жиын өтті Баспаға басу

ImageБүгін аудандық «Мыңжылқы» мәденит үйінде Астананың  20 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында елордамыз  Астана қаласының 20 жылдық өмірін баяндаған бейне сюжет көрсетілді. Аудан әкімі Салыхан Сабырұлы баяндама  жасап, бас қаланың құрылу, өсу, өркендеу жолы туралы айтып өтті.  «Астананың 20 жыл»  мерекелік медалімен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы             Қабыл Еспенбетов, ардагер ақсақал Мыңжасар Асқаров марапатталды. Сондай-ақ, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі Қайрат Тастыбаевқа, Облыс әкімінің грамотасы Есен Оспановқа, облыс әкімінің алғыс хаты Әнуар Асылбековке табысталды. 

      Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабыл Еспенбетов ауданға еңбегі сіңірген бірқатар азаматтарды «Ұлағат»  және «1 дәрежелі білікті басшы» төсбелгісімен марапаттады.

       Салтанатты жиын барысында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары қойған концерттік бағдарламаға жалғасып, көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады. 

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
 
Мемлекеттік қызметшілер ант қабылдады Баспаға басу

ImageМемлекеттік қызметшілер күніне орай мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген бір топ азаматтардың салтанатты ант қабылдау рәсімін өтті. Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен жиынға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты. Ант беру рәсімінде аудан әкімі Салыхан Полатов сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметте алғаш қадамын бастап отырған жас мамандарды құттықтады. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеу, үлкен ізденісті, ынта жігер мен адалдықты талап етеді деген аймақ басшысы алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Алғаш болып мінбеге шыққан аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы Сатыбалдиев Ербол Әубәкірұлы, Шолаққорған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Орынтайқызы Жанерке, Жартытөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Шардарбекова Лаура Бердібекқызы, Қыземшек кенті әкімі аппаратының бас маманы Аманқұлова Ақсымбат Рақышқызы салтанатты түрде ант қабылдады.

          Айта кету керек, аудан көлемінде мемлекеттік қызмет органдарының 20-жылдығын ұлықтау аясында түрлі шаралар өткізіліп жатыр.

 

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
Ардагер мемлекеттік қызметкерлерді қабылдады Баспаға басу

ImageМемлекеттік қызмет органдарының құрылғанына 20-жыл толуына орай аудан әкімі Салыхан Полатов мемлекеттік қызмет саласында елеулі еңбек сіңірген ардагерлерді қабылдау форумын өткізді.

Форумға іс басындағы мемлекеттік қызметкерлер және БАҚ өкілдері қатысты.

Форумда аудан әкімі Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «5 институционалды реформа: 100 нақты қадам» Ұлт Жоспары бойынша кәсіби мемлекеттік аппарат құруға бағытталған іс-шаралар туралы қатысушыларға хабардар етті.

Форумда мемлекеттік қызметтен зейнеткерлікке шыққан ардагерлер Мыңжасар Асқаров, Аманбек Мұсабек, Қабылбек Еспенбетов, Пардабек Сақтапбергенұлы, Әбубәкір Сахиұлы, Тиышкүл Керімбекова, Беркінбай Еденбаевтар өздерінің еңбек жолдарын айта келіп, мемлекеттік қызмет сапасын жақсарту жағдайындағы ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.


Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
Әдеп кодексінің нормаларын сақтау және бұзушылықтардың алдын алу бойынша семинар өтті Баспаға басу

ImageАудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында әдеп кодексінің нормаларын сақтау және бұзушылықтардың алдын алу бойынша жиын өткізілді. Жиынды

ауданы әкімі аппаратының басшысы, Созақ ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардағы әдеп жөніндегі уәкілі Қалдыбек Оразов жүргізіп отырды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы, Қ.Оразов мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің мінез-құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық стандарттары, көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттарына жеке-жеке тоқталып, ондағы талаптарды қатаң сақтау керектігін айтты.

Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және жауаптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуы тиіс екендігін айтып, киімге қойылатын талаптарды сақтау қажеттігін жеткізді.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің телефонмен сөйлесу әдебін сақтауды, жұмыс уақытын тиімді пайдалануды, бөлім басшыларына мемлекеттік қызметшілеріне осы талаптарды сақтау керектігін әрдайым жеткізіп отыруды тапсырды.

Сонымен қатар, қандай мәселеде болмасын шешім қабылдау кезінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол бермеу керектігін ескертті.

Семинар соңында, аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Оразов қорытындылап, айтылған мәселелер бойынша туындаған сұрақтарына жауап берді.


Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
ҚР Ұлттық Банкінің инвестициялық қызметі Баспаға басу

Зейнетақы активтерінің валюталық портфеліне қатысты жаңа стратегиялық үлестірім аясында зейнетақы активтері дамушы және дамыған елдердің облигациялары мен акцияларының ғаламдық индексіне инвестицияланатын болады. Бұл жерде индекс - тәуекел мен табыстылықтың белгілі бір шамаларына жауап бере алатын қаржы құралдарының жиынтығы. Оларды инвесторлар эталонды портфельдер ретінде қолданады.

 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі дербес басқару аясында арнайы механизм әзірледі. Ол макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау негізінде инвестициялық жағынан тартымды елдерді таңдауға мүмкіндік береді. Ал бұл елдер JPMorgan және Merrill Lynch компанялары әзірлеген және қадағалайтын, дамушы елдер облигацияларының ғаламдық индексіне енген.      

 2017 жылы зейнетақы активтерін инвестициялау мақсатында жүргізілген талдау нәтижесінде тұрақты макроэкономикалық көрсеткіштерге және кредиттік рейтингтерге ие 11 дамушы ел таңдап алынды. Олар Оңтүстік-Шығыс Азия, Латын Америкасы және Шығыс Еуропа аймақтарындағы мемлекеттер.

 2017 жылдың қарашасында Ұлттық Банк зейнетақы активтерін Бразилия, Мексика, Чили, Перу, Польша, Индонезия және басқа да дамушы елдер Үкіметінің АҚШ долларында номинирленген мемлекеттік бағалы қағаздарына кезең-кезеңмен инвестициялау шараларын қолға алды. 

 2018 жылдың 1 сәуіріне қарай зейнетақы активтерінің 73,29 пайыздан астамы рейтингі «ААА» -дан «BBB-»-ға дейін болатын, тәуекелі ең төмен қаржы құралдарына, ал 15,58 пайызы ұстамды дәрежедегі тәуекелі бар (рейтингі «ВВ+» -тен «В-») қаржы құралдарына орналастырылды. Бұл ретте 849 млрд теңгенің қаржы құралдары (инвестициялық портфельдің 10,08 пайызы) рейтингтік бағаға ие емес. Соған қарамастан олардың эмитенттері алдыңғы қатарлы халықаралық агенттіктер тарапынан барабар кредиттік рейтингтерге ие немесе инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырады және олар бойынша қаржыны қайтару жөнінде мемлекеттік кепілдік бар.    

 БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған. Оны көру үшін сіздің браузеріңізде Java-script-ті қолдау қосылуы қажет.

 
<< [Бірінші] < [Алдыңғы] 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 [Келесі] > [Соңғы] >>

Нәтижелер 136 - 150 ішінен 677

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 22 Сәуір 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930         

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы