Галерея

Жаңалықтар
Жаңалықтар
Президнет Жолдауындағы міндеттемелер назарға алынады Баспаға басу

           Image ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын «Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалының, аудан әкімі аппаратының, аудандық ардагерлер кеңесінің, кәсіподақ ұйымдарының, ауылдық округ әкімдігінің, аудандық "Jas Otan" жастар қанатының өкілдері, мекеме бөлім басшылары бірлесіп ұжымдық көрсетілім форматында тыңдады.

            Жолдауды жергілікті халыққа түсіндіру бойынша  ақпараттық насихат тобы құрылды.  Осы орайда, барлық деңгейдегі әкімдер, халық қалаулыры, жастар, ардагерлер, құзырлы органдар, қоғамдық ұйымдар, барлық сала белсенділері Президенттің Жолдауын халыққа кеңінен насихаттау жұмыстарын жүргізіп, барлық басымдықтарының жоғары деңгейде жүзеге асырылуына белсенді атсалысатын болады.
            Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
Аудан әкімі «Адалдық сағатында» дәріс оқыды Баспаға басу

Бүгін аудан әкімі Салыхан Сабырұлы, Шолаққорған ауылындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебіндегі 11 сынып оқушыларына «Адалдық сағаты» дәрісін оқыды.  Оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаған аудан басшысы, елімізде өткен жылдан бері «Адалдық жол» жобасы басталды-деді.  

           Image Бұл акцияның мақсаты мемлекеттік қызмет беру бағытында сыбайлас жемқорлықты азайту, халықтың мемлекеттік билік органдарына деген сенімін арттыру. Біз бүгінде – цифрлық технологиялардың, ақпараттың заманында өмір сүріп отырмыз. Цифрлы қоғамды дамыту, жемқорлықтың алдын- алу екенін ұмытпауымыз керек. Қызметтерді электрондық форматқа көшіру әкімшілік кедергілерді азайтып, адами факторлардың болуына жол бермейді. Мәселен, біздің ауданда соңғы жылдары көптеген қызмет түрлері электрондық форматқа ауысты. Мысалы, ауданда осы жылдың жарты жылдығында – 14 132 мемлекеттік қызмет көрсетілсе. Оның 11 564 қызмет электрондық түрде көрсетілді. Бұл электронды қызмет түрінің 66,6 пайызын құрап отыр,- деген өңір басшысы, мұның бәрі адамдардың бір- бірімен қарым- қатынасын азайтып, әкімшілік кедергілерді жойады,  жемқорлықты азайтады,- деді.

            Мектеп қабырғасындағы мына сіздер, ертең елдің ертеңісіздер. Араларыңыздан ел тізгінін ұстайтын азаматтар шығады. Сіздер білімді маман болсаңыздар,  кез- келген мекеме, жекелеген компаниялар ешкімнің көмегінсіз, жұмысқа алады. Қызметте өсесіздер. Ол үшін, оқу керек. Ағылшын тілін терең меңгеріп, заманға сай, сұранысқа ие маман болуларыңыз қажет.

            Аудан басшысы Салыхан сабырұлы оқушылар тарапынан  қойылған сұрақтарға жауап беріп,  пікірлерін тыңдады.

            Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
«Азаматтарға арналған үкімет» жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша 2 млн-нан астам өтініш тіркеді Баспаға басу

Image «Азаматтарға арналған үкімет» бір жылда жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметі бойынша 2 млн 30 мыңнан астам өтініш тіркеді. Естеріңізге сала кетейік, жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметі Әділет министрлігінің құзіретіненмемлекеттік корпорацияға 2018 жылдың 30 шілдесінде берілген болатын.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Нұр-сұлтан және Алматы қалаларының, сондай-ақ Алматы мен Қарағанды облыстарының тұрғындары жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметтерін ең белсенді алушылар болып отыр. Атап айтсақ, 2018 жылдың 30 шілдесінен бастап 2019 жылдың 31 шілдесіне дейін Алматы қаласы мен Алматы облысында 228 мыңнан астам өтініш тіркелген, елорда тұрғындарынан 209 мыңнан астам және Қарағанды облысынан 157 мыңнан астам өтініш келіп түскен.

Ал Қызылорда (58 мыңнан астам өтініш), Атырау (62 мыңнан астам өтініш) және Маңғыстау (73 мыңнан астам өтініш) облыстарында жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметіне деген сұраныс төмен.

Айта кетейік, көрсеткіштерді есептеу кезінде құқықтың пайда болуы, деректердің өзгеруі, ауыртпалықтарға және екінші деңгейдегі банктермен келісім шартқа отырубойынша өтініштер ескерілді.

«Бүгінде жылжымайтын мүлікті қысқа мерзімде рәсімдеуге болады. Бас-аяғы 3 жұмыс күні ішінде мүлігіңіздің тіркелгені туралы мөртабасы бар қажетті құжат қолыңызда болады. Дегенмен, біз азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында бұл қызметті одан әрі оңтайландырып, алдағы уақытта тіркеу уақытын 1 күнге дейін қысқартуды жоспарлап отырмыз», – дейді мемлекеттік корпорация төрайымы Әсемгүл Балташева.

Айта кету керек, жылжымайтын мүлікті тіркеуге өтінішті«Азаматтарға арналған үкімет»және нотариустар арқылы беруге болады.


                                                                                                        «Азаматтарға арналған үкімет»       

                                                                                                мемлекеттік корпорациясы»

                                                                                               Түркістан облысы филиалының        

                                                                                              Созақ аудандық «Халыққа қызмет             

                                                                                              көрсету бойынша» бөлім маманы 

                                                                                       Бірлесова Раушан Нұрланқызы

 

 
Зейнеткерлікке смс арқылы шығуға болады Баспаға басу

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы зейнеткерлікті проактив әдісімен рәсімдеу бойынша пилоттық жобаны іске қосты.

Аталған пилотты жүзеге асыру жөніндегі бірлескен бұйрыққа ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қол қойды. Жоба әзірге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының зейнет жасына жететін қызметкерлерін қамтиды. Бүгінде корпорацияда 22 мың қызметкер еңбектенеді.

Зейнеткерлікке шығу барысында дәстүрлі түрде ХҚО арқылы жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін тағайындау мемлекеттік қызметтері рәсімделеді. Бұдан былай халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажеттілігі болмайды.

Зейнет жасына толғанға дейін 10 күн бұрын болашақ зейнеткерге қызметті проактивті түрде рәсімдеуге ұсыныс білдіретін смс-хабарлама жолданады. Келісім берілген жағдайда, кадр бөліміне алдын ала тапсырылған құжаттар электронды түрде жауапты мемлекеттік органның мақұлдауына жіберіледі.

Айта кетейік, зейнеткер жұмыс берушісінің кадр бөліміне алдын ала еңбек өтілі, зейнеткерлік жүйеге қатысуы сияқты мәліметтерді ұсынады, бұл ақпарат, өз кезегінде, еңбек келісімдерін есепке алу бірыңғай жүйесіне енгізіледі.

Аталған әдіс арқылы мемлекеттік корпорацияның екі қызметкері зейнеткерлікке шығып үлгерді. Тиісті смс-хабарламаларды алғандардың қатарында астаналық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің жетекшісі Райхан Жолдықұлова мен Ақмола облысы филиалының жер кадастры бөлімінің қызметкері Любовь Шестаева бар.

«Корпорациямыз цифрлық жаңашылдықтардың үнемі басы-қасында жүреді. Бірақ дәл осы зейнеткерлікке шығу жобасының алғашқы қатысушысы боламын деп ойламаппын. Зейнет жасына жеткенде қаншама құжаттың машақаты барын білемін. Барлығы смс-пен шешілгеніне қуаныштымын», – дейді зейнеткер Райхан Жолдықұлова.

Пилоттық жоба қорытындысы бойынша оның өзге мекемелерге таралуы бойынша шешім қарастырылады.

  «Азаматтарға арналған үкімет»       

  мемлекеттік корпорациясы» Түркістан облысы филиалының  Созақ аудандық «Халыққа қызмет    көрсету бойынша» бөлім маманы

Абишова Бақытжамал Сейлбековна

 
Соғылды алғашқы қоңырау Баспаға басу

Image Бүгін аудандағы 35 мектепте алғашқы қоңырау соғылып, жаңа оқу жылы басталды. Аудан әкімі Салыxан Полатов А. Байтұрынов атындағы  жалпы орта мектебіне барып, ұстаздармен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. 
            "Өскін ұрпаққа сапалы білім беру мәселесі қашанда күн тәртібінен түскен емес. Халқымыз «Күш – білімде» деп бекер айтпаған. Дәл осы күннен бастап, болашақ ел тұтқасын ұстар азаматтың жеке тұлға ретінде қалыптасу кезеңі басталады. Сондықтанда бұл күннің әрбір адам үшін маңызы зор. Ал олардың заманаға сай білімді болып өсуіне педагог мамандарының еңбегі ерен»,- деді, аудан басшысы. Құттықтау лебізін, мектептегі ата- аналар кеңесінің төрағасы Амалбек Мұсабеков жалғап, жаңа оқу жылында жаңа табыстар тіледі. 1 сыныпқа баратын мектеп оқушылары, алғашқы қоңырау соғып,  мектеп табылдырығын аттады. 

            Жалпы ауданда былтырғы оқу жылында 14514 оқушы білім алы, 689 оқушы мектеп бітірді. Оның 173-і мемлекеттік грант иегері атанды, 19 азамат облыс әкімінің грантына ие болды. Ал, биылғы оқу жылында 14 816  оқушы білім алады деп күтілуде. Оның ішінде 1-сыныпқа 1424 бала мектеп табалдырығын аттағалы отыр.

 

            Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
Бірыңғай жиынтық төлемді төлей бастадым. Бірақ бірнеше айды жіберіп алдым. Мен енді осы ағымдағы айда бірыңғай төлемді өткен айлар үшін төлей аламын ба? Баспаға басу

Жоқ, бірыңғай жиынтық төлемді ағымдағы ай мен алдағы айлар үшін ғана төлеуге болады. 

Жеке тұлғалар бұл төлемді өз бетімен екінші деңгейдегі банктер және жекелеген банк операцияларын орындайтын ұйымдар немесе Қазпошта арқылы қолма-қол ақшамен немесе банктегі шоты арқылы Мемлекеттік корпорацияның банк шотына аударады.

Төлеушілердің бірыңғай жиынтық төлемін төлеуді олар өз бетінше немесе үшінші жақтың пайдасына жасайды, бұл бірыңғай жиынтық төлемді төлеудің «ММЖЖЖ» форматында көрсетілген мерзімін көрсете отырып жүзеге асырылады.

 
Адвокаттық практикамен айналыса бастадым. Адвокаттар міндетті зейнетақы жарналарын өз пайдасына қандай мөлшерде аударулары тиіс? Баспаға басу

Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіпқой медиаторлар және жеке кәсіпкерлер міндетті зейнетақы жарналарын өз пайдаларына өз бетімен аударып отырады. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналары алынатын табыстың 10 пайызы мөлшерінде, бірақ ең төменгі жалақы мөлшерінің 10 пайызынан кем емес және 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгіленеді. Жарна үшін есептелетін табысты олар өз бетімен айқындайды.  

Табыс болмаған жағдайда, Сіз тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің 10 пайызы есебімен өз пайдаңызға міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылысыз.

 
Мен фрилансермін. Екі-үш тапсырыс берушімен азаматтық-құқықтық сипатта шарт жасасқанмын. Енді зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын қалай төлеуге болады? Баспаға басу

Егер Сіз салық агенттерімен азаматтық-құқықтық сипатта шарт жасасу арқылы жұмыс атқаратын болсаңыз, Сіз үшін міндетті зейнетақы жарналарын Қорға осы салық агенттері төлейді. Ал салық агенттері деген кімдер? Олар: заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар болуы мүмкін. Бұл ретте жарналар мен шарттардың санына шектеу қойылмайды: егер үш шартыңыз болса, жарналар сол үш шартыңыз бойынша түседі.  

Ал егер салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық сипатта шарт жасасқан болсаңыз, онда Сіз осы шарт бойынша алған табысыңыздан Қорға зейнетақы жарналарын төлеуден босатыласыз. Бірақ бұл жарналарды Қорға өз еркіңізбен төлеуге құқыңыз бар. Бұл қомақты зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға оң әсер етеді. Яғни, еңбек өтіліңіз үздіксіз жүріп отырады. Ал бұл базалық зейнетақыны жоғары мөлшерде алуға мүмкіндік береді. Жарналар екінші деңгейдегі банктер немесе Қазпошта арқылы төленеді.

 

 
Мен өзімді-өзім жұмыспен қамтушымын. Ерікті зейнетақы жарналарын аудара аламын ба? Баспаға басу

Сіз жеке тұлға ретінде ерікті жарналарды өз табысыңыздың есебінен өз пайдаңызға немесе үшінші тұлғаның пайдасына аудара аласыз. Сәйкесінше ерікті жарналар өзіңіздің және үшінші тұлғаның зейнетақы капиталын толықтыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте ерікті жарналардың мөлшерін, оларды аудару және Қордан алу тәртібін Қормен өзара келісе отырып өзіңіз белгілейсіз.

Айта кетелік, айлық табысыңызға қарай ерікті зейнетақы жарналарының мөлшері ай сайын өзгеріп тұруы мүмкін. Ерікті жарналарды өзіңіз төлеуіңіз қажет. Бұл үшін БЖЗҚ-мен зейнетақы шартын жасасып, ерікті жарналарды Қордың шартта көрсетілген деректемелеріне банк арқылы аударып тұрасыз.  

Қазіргі кезде ерікті жарналар бойынша шот ашудың екі жолы бар. Бірі – жеке басты куәландыратын құжатпен Қор бөлімшесіне келу арқылы, екіншісі – үйде отырып-ақ, Қордың ресми сайты арқылы ашу. Соңғысы өткен жылдың шілде айында іске қосылған. Бұл қызметті пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет. Ал оны Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚО) береді. Бұл туралы толық ақпаратты Қор сайтынан оқи аласыз.

 
Менің азық-түлік дүкенім бар. Зейнетақы жарналарын өзімнің және жұмыскерлерімнің пайдасына қалай аударамын? Баспаға басу

Міндетті зейнетақы жарналарын заңды тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысушылардың және басқа да адамдардың пайдасына аудару мерзімі мен тәртібі ҚР заңнамасында көрсетілген.  

Егер Сіз жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істейтін болсаңыз, міндетті зейнетақы жарналарын өз қарамағыңыздағы қызметкерлеріңіздің зейнетақы шотына табыстар төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей төлеуіңіз қажет. Ал өз пайдаңызға аударылатын жарнаны – есептегі айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей төлейсіз.

Арнайы салық режимін патент негізінде қолданатын жеке кәсіпкерлер міндетті зейнетақы жарналарын патент құнын төлеуге арналған мерзімде аударады. Бұл ретте салық кезеңі – бір күнтізбелік жыл. Демек, міндетті зейнетақы жарналары жылына бір рет патент алғанға дейін төленеді. Толығырақ БЖЗҚ сайтының «Қызметтер»-«Зейнетақы жарналарын қалай жүзеге асырады» бөлімінен оқи аласыз. 

 
<< [Бірінші] < [Алдыңғы] 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 [Келесі] > [Соңғы] >>

Нәтижелер 121 - 135 ішінен 863

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 02 Сәуір 20 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930     

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы