Галерея

Жаңалықтар
Жаңалықтар
Мемлекеттік қызметшілер арасында қайрымдылық марафоны ұйымдастырылды Баспаға басу

ImageБүгін Шолаққорған ауылының орталық алаңында 23-маусым мемлекеттік қызметшілер күні және мемлекеттік қызмет органдарының 20-жылдығын ұлықтау аясында мемлекеттік қызметшілер арасында қайрымдылық  марафоны ұйымдастырылды. Қайрымдылық марафонының ашылу салтанатында аудан әкімі аппаратының басшысы Қалдыбек Оразов сөз сөйледі: «Бұл марафон денсаулығымызды жақсартып, спортты насихаттап қана қоймайды, әрбір мемлекеттік қызметші қайрымдылыққа  өз үлесін қосатын игі шара»,-деді.

          Қайрымдылық марфонға аудан әкімі аппаратының, бөлімдермен ауыл округтерден мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

          Айта кету керек өткізіліп отырған қайрымдылық марафоны балалар үйінің материалдық-техникалық жабдықталуына қажетті қаржыларды жинау мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында өткізіліп отыр.

 

Аудан әкімінің баспасөз қызметі
 
Құрылыс нысандарын аралады Баспаға басу

ImageҚұрамында аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Әлжанов, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Б.Тұрғанбаев, аудандық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі С.Жанұзақов, мүшелері Ә.Сөлтеков, Т.Әбуовтер бар «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы аудандық бюджет есебінен Балдысу елді мекенінде құрылысы жүргізіліп жатқан 100 орындық Ж.Жабаев атындағы жалпы орта мектебінің, облыстық бюджет есебінен салынып жатқан Балдысу-Қарабұлақ елді мекендері аралығындағы асфальт жолының құрылысымен танысып қайтты. 
Бақылау жұмыстары барысында Ж.Жабаев атындағы жалпы орта мектеп құрылысы бекітілген кестеден кешіктірмеу, жұмыстарға жергілікті азаматтарды көптеп тарту, құрылысқа сапалы, бастысы отандық материалдарды пайдалану, техника және санитарлық қауіпсіздік шараларының сақталуы бойынша бірқатар ескертпелер мен ұсыныстар берілді. 
          Комиссия танысқан келесі нысан – Балдысу-Қарабұлақ елді мекендері аралығындағы асфальт жолдың құрылысы. 2017 жылдан ауыспалы болған жұмыстар биылғы жылы аяқталады деп жоспарланған. Бақылау жұмыстарын жүргізген комиссия, тиісті мекемелерге жол құрылыстарына қиыршақ тасты рұқсат етілген арнайы карьерлерден ғана алу, асфальттің сапасын қосымша лабораториялардың қорытындыларымен куәландыру секілді ұсыныстар жасау туралы қорытындыға келді.
          Комиссия жұмысының жалпы қорытындысы бойынша, құрылыстарды тапсырыс беруші мекемелерге тиісті ұсыныстар әзірленіп, олардың уақытында әрі сапалы жүзеге асырылуына партия тарапынан бақылау жұмыстары тұрақты жүргізілетін болады.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
Құмкент ауылында екі бірдей спорт нысаны ашылды Баспаға басу

          Image9 мамыр Жеңіс мерекесі күні Құмкент ауылында екі бірдей спорт нысаны ашылды. Қазақ француз біріккен «Катко» кәсіпорнының демеушілігімен балалар ойын алаңы мен шағын футбол алаңы ашылды. Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Салыхан Полатов, «Катко» кәсіпорнының бас инженері Николя Дюбек қатысты. Құттықтау сөз сөйлеген аймақ басшысы Салыхан Сабырұлы: «Елбасы Н. Ә. Назарбаев халыққа Жолдауында айтылған бұқаралық спорт және дене шынықтыруды дамыту мәселесі ұлт саулығын қамтамасыз етеді деген болатын. Бұл нысанда ауыл тұрғындарының жаппай спортпен айланысуға мүмкіндік береді. Мұның бәрі Елбасы Жолдауын іске асыру бағытында атқарылып жатқан шаралар»,- деді. Өз кезегінде Николя Дюбек тұрғындарды жаппай спортпен айналысуға шақырып, мерекемен құттықтады.

          Айта кету керек мамыр айының соңында Құмкент ауылынан тағы да 200 орындық зәулім спорт ғимараты ашылады.  Жалпы Созақ ауданында 2017 жылы  6 спорт нысаны пайдалануға берілген болатын. Биылғы жылы өзге ауыл округтерден бизнестің әлеуметтік жаупакершілігі аясында  барлығы 10 футбол алаң ашылады.

           

Ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

 
Теріскейліктер Отан соғысының 6 ардагеріне автөкөлік кілтін табыстады Баспаға басу

ImageОсыдан 73 жыл бұрын адамзат тарихында ең ауыр және қанды соғыстың соңғы оқтары атылды. Содан бері 1945 жылдың 9 мамыры жұртшылық жадында ерлік үлгісі, мұқалмас ерік жігір мен қажырлы еңбектің символына айналды.

Осынау қанды қырғында, ауданнан 6 мыңдай азамат отанын қорғауға аттанса, 83 пайызы соғыс даласында қаза тауып, елге оралмады. Олар өз өмірлерін қия отырып, өзінен кейінгі мыңдаған, милиондаған  ұрпақтарының өмірлерін аман сақтап қалды.
Сұрапыл соғыс жылдары созақтық қаһарман жауынгерлер өздерінің бар ынта жігерлерінің арқасында Жеңіске жетуге өзіндік із қалдырды.   Бүгінгі таңда солардан қалған көзі тірісі  6 соғыс ардагері ғана ортамызда.  

       Бүгін аудан орталығы Шолаққорған ауылында 9 мамыр Жеңіс күні мерекесі аталып аталып өтті. Орталық даңық саябағында жалпыхалықтық шеру өтті. «Белгісіз сарбаз» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, құран бағышталды, соғыс сарбаздарының руханы тағзым етілді.

          Мерекелік шарада аудан әкімі Салыхан Полатов тұрғындарды мерекемен құттықтады. Бүгінде немере шөбере сүйіп отырған, абыз ақсақалдар, Отан соғысының ардагерлері Тәжі Нұрқожаев, Мырзахмет Жылысбаев, Оспан Бексейтов, Сергей Дранов, Шамил Тагев, Әуесхан Шайдазимовқа су жаңа нива автокөлігінің кілтін салтанатты түрде табыстады.

                   Отан соғысының ардагері Мырзахмет Жылысбаев: -Еліміз аман, жүртымыз тыныш болсын. Тыныштықпен береке бірлікті сақтап отырған Елбасымыз аман болсын. Кейінгі ұрпақ соғысты көрмесін,- деген жүрекжарды лебізін білдірді.

          Одан бөлек, уран өндіретін «Катко», «Инкай» компаниялары қаржылай сыйлықтар ұсынды.  Мереке күндері ауған соғысы, Чернобыль апатына қатысушылар мен тыл ардагерлеріне да аудандық бюджеттен қаржылай сыйлық табыс етілді.

          Меркелік шара орталық ипподромда бәйге, көкпар, қыз қуу сынды ұлттық спорт түрлерімен жалғасты.

 

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
Белбеу күресінен республика чемпионаты өтті Баспаға басу

ImageСәуір айының соңғы күндері 2003-2005 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Жетілген Сармантаев атындағы белбеу күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізілді. Орталық мәдени сауықтыру кешенінде өткен чемпионаттың ашылу салтанатында аудан әкімдігінің аппарат басшысы Қалдыбек Оразов сөз сөйлеп жарысқа қатысушы жас спортшыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы белбеу күресінен ОҚО федерациясының президенті Қуатбек Байхожаев, Қалдыбек Бақытұлы ҚР жоғары ұлттық дәрежедегі төреші, ОҚО орталық стадионның директоры спорт шебері, спорт ардагері Өкшебаев Құрал, Грек-рим күресінен спорт шебері Торғауытов Сапаш, Қазқша – самбо күрестерінен спорт шебері Сармантаев Жеткеншек чемпионаттың қадірлі қонға болды. Тартысты өткен жарыста, республиканың барлық аймақтарынан командалар қатысты.

Еліміздің белбеу күресіне терсікей өңірі талай мықты балуандар берді. Әлем чемпионы Дамен Даурен, Европа чемпионы Айдос Құлманбетов ел намысын халықаралық жарыста қорғап жүрген балуандар. Ұзақ жылдау ауданның білім беру және спорт саласында табысты қызмет еткен, білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Респбуликасы еңбек сіңірген жаттықтышусы, грек рим және қазақ күресінен спорт шебері Жетілген Самантаев бүгінде балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры. Талай талантты шәкірттерді тәрбилеп өсірген.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
«Өзгерістерді өзіңнен баста» акциясы аясында қызметті электронды алу дағдыларын оқыту семинары өтті Баспаға басу

ImageЕлбасы Жолдауында мемлекеттік органдардың қызмет көрсетуін электрондық форматқа көшіру туралы тапсырма берген болатын. Бүгінде электронды үкіметті меңгеріп, талай қызметтерге қол жеткізуге болады. Осы қызмет түрін түсіндіру мақсатында аудан әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімі «Өзгерістерді өзіңнен баста» деп аталатын семинар ұйымдастырды. Семинарға аудан әкімі аппаратының басшысы Қалдыбек Оразов, аудан әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы Болат Есенқабыл, аудан әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Нұралә Айдаров, аудандық ХҚКО-ның басшысы Тимур Асқарбеков, «Созақ аудандық мемлекеттік архиві» КММ-нің басшысы Рахима Отаубаева, «Шолаққорған» жалпы орта мектебінің директоры Гүлсара Әлімбекова және мекеме басшылары, ауылдық округтер және кенттер әкімінің кеңесші іс басқарушылары, мемлекеттік көрсетілетін қызметке жауапты мамандары, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының жауапты мамандары, білім беру ұйымдарының басшыларының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты орынбасарлары мен информатика пәнінің мұғалімдері, бала-бақша меңгерушілері қатысты.

Семинарды ашып жүргізген аудан әкімі аппаратының басшысы Қалдыбек Оразов «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының алғашқы кезеңі іске асырылуда. Басты міндет халыққа қызмет болғандықтан, көрсетілетін қызметтерді мерзімінде сапалы, әрі жылдам ұсынудың маңыздылығын» атап өтті.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері және аудандық мектептердегі өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмыс барысы туралы аудан әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Нұралы Айдаров, мекемелерде құжаттарды толық қалыпты сақтау және электронды архив ісін дамыту туралы «Созақ аудандық мемлекеттік архиві» КММ-нің басшысы Рахима Отаубаева, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясындағы жұмыс барысы және аудандағы ХҚКО-ның электронды қызмет көрсетілуі туралы аудандық ХҚКО-ның басшысы Тимур Асқарбеков хабарламала жасады. Сала мамандары слайдпен бірнеше қызметтерді алу онлайн режимінде іс жүзінде көрсетті.

Семинар барысында онлайн режимінде көрсетілген қызметтер және тағыда басқа мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу бойынша ұсыныс-пікірлер айтылып, қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.



Аудан әкімінің баспасөз қызметі.



 
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОП МҮШЕЛЕРІ ОҢТҮСТІК ӨҢІРІНДЕ Баспаға басу

ImageАғымдағы жылдың 18-19 сәуір күні Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау мен бағалауды іске асыру жөніндегі Республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшелері Ғ.Байтук, Ы.Тұрсынзада, сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (әрі қарай - Агенттік) Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры А.Бердалин, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті директоры орынбасарының міндетін атқарушы Д.Смағұлов, Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау басқармасының басшысы М.Байсалов Оңтүстік өңіріне іс-сапармен келді.

Басты мақсат - қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға кеңінен тарту, қоғамдық бақылау саласындағы өзекті мәселелерді талқылау болып табылады.

18 сәуір күні Республикалық арнайы мониторингтік топ бірқатар мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелердің жұмысымен танысып, мемлекеттік қызметшілермен, этномәдени орталықтардың өкілдерімен де кездесті.

Бірінші кезекте Арнайы мониторингтік топ мүшелері облыстық аурухананың жұмысымен танысып, көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты халықтың пікірін тыңдады. Сондай-ақ, көпшіліктің сұранысы бойынша «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ОҚО өндірістік филиалының басшылығымен кездесті.

Әрі қарай, жұмысшы топ Қазақстан халқы ассамблеясында облыстық арнайы мониторингтік топтың мүшелерімен, этномәдени орталықтардың төрағаларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Ғалым Симбекұлы, Ырза Тұрсынзада Арнайы мониторингтік топтың қызметіне, атқарылған жұмыстарына тоқталып өтсе, Агенттіктің қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсету сапасына, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға кеңінен тоқталды.

Іс-шарада облыстағы этномәдени бірлестіктердің жай-күйімен таныстырған облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі М.Қалмұратов, келген қонақтарға этномәдени бірлестіктердің өкілдері атынан алғыс білдірді.

Іс-сапар барысында облыс жастары арасында өткен пікірсайысқа қатысқан республикалық Арнайы мониторингтік топ мүшелері бүгінде Қазақстандық жастар бейбіт өмірде өмір сүріп жатқанын атап өтіп, Елбасы үміт артқан жастарды барлық жағынан белсенді болуға шақырды.

Жұмыс сапарын жалғастырған Республикалық арнайы мониторингтік топ мүшелері мен Агенттік қызметкерлері Шымкент қалалық фронт офисі мен №24 жалпы орта мектептің жұмысымен танысты.

Одан әрі, облыстағы барлық мемлекеттік органдардың басшыларымен, аудан, қала әкімдері мен Әдеп жөніндегі уәкілдерімен кездесіп, Агенттік қызметкерлері Агенттіктің негізгі жұмысы қызметшілерді жазаға тарту емес, керісінше бұзушылықтардың алдын-алуға бағытталғанын жеткізді.

«Сіздерді өз тараптарыңыздан өздеріңіз басқарып немесе қызмет атқарып отырған мемлекеттік органдарыңызда өзгерістер идеясын белсенді насихаттауға, өздеріңіз ұсынған Жобалық менеджерлерге қолдау көрсетіп, ой-өрістеріңізбен бөлісіп және осы «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырамын» деді Департамент басшысы Әли Амантайұлы.

Осыған байланысты, 8,5 мыңнан аса мемлекеттік қызметшілер және білім, денсаулық саласының 105 мыңнан аса мамандары бүгінгі таңға ХҚКО бармай сұранысқа ие қызметтерді электронды түрде алып жатқандығын хабарлады.

2018 жылдың 19 сәуір күні Республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшелері Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг беріп, Түркістан қаласына іс-сапармен аяқталды.

Оңтүстік Қазақстан облысында облыстық, аудан,қалалық арнайы мониторингтік топ құрылған. Оның құрамына азаматтық қоғам институттары, белгілі қоғам қайраткерлері мен танымал блогерлер енген.

Арнайы мониторингтік топ мемлекеттік пен қоғам арасындағы байланыстырушы көпір ретінде қызметтің барлық салаларында азаматтық бақылауды жүзеге асырады.



 
ОҚО созақ ауданында өңірлік өнім көлемі артып келеді Баспаға басу

          ImageОңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында өткен жылы жергілікті бюджетке 6 млрд. 763 млн. 590 мың теңге қаржы түсіп, жоспар 108,5 пайызға орындалды. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов мәлім етті.

          Аудан басшысының айтуынша, аймақта өткен жылы 242 млрд. 642 млн. 900 теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндірілген. Оның ішінде, өнеркәсіп саласы бойынша -218 млрд. 64 млн. 800 мың теңге, ауыл шаруашылық саласының үлесі - 11 млрд. 266 млн.  теңгені құрады.

          «Аудан экономикасына өткен жылы 39 млрд. 9 млн. теңге инвестиция тартылып, 2016 жылмен салыстырғанда 121,8 пайызға артты. Аудандағы индустриалды аймақта жалпы құны 1 млрд. 204 млн. теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылып, жұмыс жүргізілуде. Аудандағы индустриалды аймақтың инфрақұрылымына 290,1 млн теңге жұмсалса, бүгінгі таңда салық есебінен жұмсалған қаржы толықтай бюджетке қайтарылған», - деді Салыхан Сабырұлы.  

          Көгілдір отынмен қамтамасыз ету бойынша жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеуге жергілікті бюджеттен 78 млн. теңге қаржы қаралған. Қазіргі таңда мемлекеттік сараптама алуға ұсынылып отыр. Созақ ауданы бойынша 35 елді мекеннің 23-не ауыз су құбыры жүргізілген. Оның ішінде 16-на ауыз су тәулігіне 24 сағат берілсе, қалған 7 елді мекенде су кестемен берілуде.

          «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасын іске асыру толығымен атқарылуда.

          «Былтыр кәсіптік оқытуға 355 адам жіберілсе, биыл 145 адамды қысқа мерзімді оқуға жолдау жоспарлануда. 2017 жылы жеке ісін ұйымдастыру және кеңейтуге 65 адам 189 млн. теңгеге шағын несие алды. Биылғы жылы 34 адам 204 млн. теңге шағын несиемен қамтылатын болады», - деді Салыхан Полатов.

          Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» шеңберінде өткен жылы 1525 жаңа жұмыс орны ашылып, кешенді жоспарды іске асыру аясында 2500-ден астам адам қамтылған. Ағымдағы жылы бағдарлама аясында 800-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.    

 
Созақта «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» өнер фестивалі өтті Баспаға басу

    ImageЕлбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында облыстағы мәдениет үйлері мен клубтар арасында өтіп жатқан "Нұрлы жол-болашаққа бастар жол" өнер фестивалі Созақ ауданында өтті.
Фестиваль «Қасиетті Қазақстан» жобасы аясында тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енген Бабата ауылында орналасқан Ысқақ баб кесенесі мен Құмкент ауылдық округіне қарасты Жылыбұлақ маңындағы Баба түкті Шашты Әзіз кесенесіне барып, құран бағыштаудан басталды.
Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асқан фестиваль барысында аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайының ауласына «Нұрлы жол» атты киіз үй тігіліп, алдына салт-дәстүр бойынша Созақ ауылдық мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының «Тұсау кесер» көрінісі қойылып, баланың жолы нұрлы, сәтті болсын ниетпен киіз үйге кіргізді. Сонымен қатар, киіздің екі жақтауына жергілікті (аудандық мәдениет сарайына қарасты үйірме жұмыстарын қоса алғанда 200-300-ге жуық) қолөнер шеберлері мен қылқалам шеберлерінің арнайы көрмесі ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, аудандық, ауылдық, кент мәдениет үйлері мен клуб мекемелерінің атқарылған жұмыстары, жетістіктері, іс-құжаттары, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясындағы киелі жерлері, географиялық ерекшелігі, шежіресі, ақын-жазушылары, батагөй қариялар, үйірме жұмыстары, жетістіктері мен ерекшеліктері көрсетілген стенд-көрме ұйымдастырылып, әрбір мекеме басшысы есеп берді. Щарадан ҚР Жас суретшілер одағының мүшесі, аудандық мәдениет сарайының қоюшы-суретшісі У.Мәмбет пен суретші Ақмарал Байғараеваның ерекше еңбектері де тыс қалмады.
            Фестиваль аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты 13 мәдениет үйі және клуб өнерпаздарының гала-концертіне ұласып, ән, би, күй, көркемсөз оқу, жыр-терме, цирк, сатира, хор, оркестр, вокалды-аспаптар мен отбасылық ансамблі сынды халық шығармашылығы жанрлары "Рухани жаңғыру", "Астана қаласының 20 жылдығы", Созақ ауданының 90 жылдығы аясындағы тақырыптарды қамтыды.
Өнер додасы қазылар алқасы және Созақ ауданы әкімінің орынбасары Айдарбеков Бағдат Бегманұлы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрғайша Балаубекова, мәдениет үйлері мен клуб меңгерушілері, БАҚ өкілдерінің баспасөз отырысымен қорытындыланды. Отырыс барысында іс-шара ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен тақырыпты ашу, өнерпаздардың сахна мәдениеті сынды пікірлер айтылып, сауалдар жолданды.

 
Заңсыз жолаушы тасымалына тосқауыл қоюға байлынысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді Баспаға басу

          ImageОблыс әкімінің бірінші орынбасары Ә.Ш.Өсербаев жыл басында ісшара жоспарын бекітіп, заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою, такси тұрақтарын реттеу, такси жұмысын оңтайландыруды тапсырған болатын. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының аудан, қала әкімдіктерімен бірлесіп құрылған жұмысшы топтың жұмыс кестесі бойынша 2018 жылдың 5 сәуірінде Созақ ауданына ОҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары, топ басшысы М.Мырзабаев бастап келіп, Шолаққорған ауылы С.Қожанов көшесі бойындағы автотұрақтармен «Қазақстан» автобекетінде болып автобекет, автотұрақ басшыларымен жолаушылар тасымалдаушы жүргізушілерге заң талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

            Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
<< [Бірінші] < [Алдыңғы] 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 [Келесі] > [Соңғы] >>

Нәтижелер 106 - 120 ішінен 619

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 17 Ақпан 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728     

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы