Галерея

Жаңалықтар
Жаңалықтар
Облыс әкімі Ж.Қ.Түймебаевтың 2018 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі Баспаға басу
Image2018 жылдың қорытындысымен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы келесідей болып қалыптасты.

1. ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ

Экономиканың басты көрсеткіші болып табылатын жалпы өңірлік өнім көлемі 1 103,9 млрд.теңге* сомасында қалыптасты. 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім +3,9%-ды құрады (* 2018 ж. қаңтар-қыркүйегі).

2. ӨНЕРКӘСІП

Көптеген кәсіпорындардың өндіріс қарқынының өсуі, жаңа қуаттардың енгізілуі және технологиялық процесті модернизациялау өнеркәсіптік сектордың орнықты дамуына ықпал етті.

2018 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 453,8 млрд. теңгені құрады. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда өнім көлемі                   43,1 млрд. теңгеге көбейген (2017 жылы – 410,7 млрд. тг.).

Өнеркәсіп саласында үлесі 52,7% құрайтын өңдеу өнеркәсібінде тиісінше 236,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп,  13,7 млрд. теңгеге артты (2017 жылы – 223,2 млрд. тг.).

Жалғасы...
 
Теріскей, түрленіп келеді Баспаға басу

ImageСозақ ауданының әкімі Салыхан Полатов, Шолаққорған ауылындағы мәдениет үйінде, өтен жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы міндеттерді межелеген қорытынды есеп беру жиыны өтті.  Есептік жиынға облыс әкімі аппаратының басшысы Әуелхан Тұрғымбеков, облыстық мәслихаттың депутаты Мағауия Тұрысбеков, аудандық мәслихаттың депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, аудан тұрығындары, БАҚ өкілдері қатысты.

     Жиында өткен жылы атқарылған жұмыстарды айғақтаған бейне фильм көрсетілді. Ауданға өткен жылыдың қорытындысымен жалпы бюджетке 66 млрд. 433 млн. 745 мың теңге қаржы түсті.  245 млрд. 184 млн.  теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндірілді. Оның ішінде өнеркәсіп саласы бойынша 216 млрд 710 млн теңге, ауыл шаруашылық саласының үлесі 12 млрд. 513 млн. теңгені құрап отыр. Аудан экономикасына 2018 жылдың 12 айымен 40 млрд 880 млн  теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 104,8% артқан.

       Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестиция ретінде аудан көлеміндегі «Нұрдос», «Бекназар»,, «Таңатар», «Қарақұр» 4 өндірістік кооперативтері, 20 млн 638 мың теңгенің инвестициясын тартты. Сонымен қатар, аудандағы 11 шаруа қожалығы өз жайылымдарынан 120 млн 820 мың теңгеге құдықтар қаздырып, «Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын құру және мал өсіруші шаруашылықтарды сумен қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша жұмыс істеді. Аудан аргроқұрылымдары «Созақ несие» несиелік серіктестігінен» 109,9 млн теңге, «Ырыс» Микрокредиттік ұйымынан 48,5 млн теңге, «Ауыл шаруашылығын қолдау қорынан 155,4 млн теңге, барлығы 313,8 млн теңге көлемінде несие қаржы алды.

     Аудандағы индустриалды аймаққта жалпы құны 1 млрд 197 млн. тг болатын 5 жоба іске қосылып, жұмыс жүргізуде. 2018 жылы индустриалды аймақта 877,5 млн теңгенің өндіріліп, аудандық бюджетке 80 млн. 900 мың.тг қаржы түсті. 95 жаңа жұмыс орны ашылды.

      

Жалғасы...
 
Аудан әкімі Қаратау, Қарағұр, Созақ, Сызған ауылдарында есеп берді Баспаға басу

ImageАудан әкімі Полатов Салыхан Сабырұлы Қаратау, Қарағұр, Созақ, Сызған ауылдық округтерінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының өткен жылдың жылдың қорытындысы мен алда тұрған міндеттері туралы тұрғындар алдында есеп берді. Есептік жиында бейне ролик арқылы 2018 атқарылған жұмыстар көрсетіліп, аудан әкімі осы жылы атқарылатын жұмыстар туралы хабарлама жасады. Одан соң, тұрғындардың өтініштері тыңдалды.

         Сөзінің соңында аудан басшысы С. Полатов мемлекет саясатын және Елбасы жолдауын жүзеге асыруда және тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуде аудан әкімдігі барлық мүмкіндіктерді пайдаланатын болады, - деді.

           Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 
Есептік жиын Қаратау, Қарағұр, Созақ, Сызған ауылдарында жалғасты Баспаға басу

ImageАудан әкімі Полатов Салыхан Сабырұлы Қаратау, Қарағұр, Созақ, Сызған ауылдық округтерінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының өткен жылдың жылдың қорытындысы мен алда тұрған міндеттері туралы тұрғындар алдында есеп берді. Есептік жиында бейне ролик арқылы 2018 атқарылған жұмыстар көрсетіліп, аудан әкімі осы жылы атқарылатын жұмыстар туралы хабарлама жасады. Аудан бойынша 2018 жылы жалпы, 632 млн 320 мың теңгенің құрылыс – монтаждау жұмыстары жүргізілген. Балдысу елді мекенінде 100 орындық мектеп құрылысы жақын арада пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, Құмкент ауылындағы спорт комплекс ғимараты және қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон құрылысы пайдалануға берілді. Созақ ауылындағы облыстық бюджеттен соғылған 200 орындық колледж наурыз айында ел игілігіне ұсынылады.

            Өткен жылы Созақ ауданы 90 жылдық торқалы тойын республика көлемінде атап өтті. Ауылшаруашылық саласындағы мемлекеттік бағдарламалар толығымен орындалды.  «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 3 пен 6 жас аралығындағы барлығы 4701 бала бала бақшамен қамтылып, Шолаққорған ауылынан 50 орындық «Айжан», Аққолтық ауылынан 75 орындық «Асылжан» балабақшалары ашылды. Биылғы атқарылатын жұмыстарды межеледі. Мәселен, А.Сүлейменов атындағы орта мектебіне Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебіне қосымша жай ғимараты,   Шолаққорған ауылындағы А.Байтұрсынов атындағы орта мектебіне қойма және қазандық құрылысы жүргізіледі. Сондай-ақ, Ақсүмбе елді мекеніндегі С.Қожанов атындағы орта мектебінде ғимараты, - Шолаққорған ауылындағы С.Қожанов көшесі бойындағы «Жастар» орталығы ғимараты, С.Қожанов атындағы мұражай ғимараты құрылыс,  Шолаққорған ауылынан әлеуметтік қызметкерлерге арналған             2 қабатты 10 пәтерлі екі тұрғын үй құрылысы жүргізілу биылғы жылы жоспарланып отыр. Мұнымен қатар халқы көп туратын Созақ ауылынан әлеуметтік қызметкерлерге арналған 2 қабатты       10 пәтерлі бір тұрғын үй құрылысы жұмыстары басталады.  Одан соң, тұрғындардың өтініштері тыңдалды. Олардың сауалдарына жауап берді.

Тұрғындар тарапынан электір шамының жарығы, тас төселген көшелер асфальтталса деген ұсыныс білдірді. Ауыз су мәселесі де сөз болды. Аудан елді мекендерінде көгілдір газбен қамтамасыз ету мәселесі де сөз етілді.

             Сөзінің соңында аудан басшысы С. Полатов мемлекет саясатын және Елбасы жолдауын жүзеге асыруда және тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуде аудан әкімдігі барлық мүмкіндіктерді пайдаланатын болады, - деді.

          Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
Атқарылған істер қорытындылап, алдағы міндеттермен бөлісті Баспаға басу

ImageБүгін аудан әкімі Салыхан Сабырұлының ауылдар мен кенттерде 2018 жылы атқарылған істермен алда тұрған міндеттер туралы есеп беру жиынын бастады.

             Аудан орталығынан шалғайда жатқан Шу, Тасты, Жуантөбе ауыл округінде және Қыземшек кентінде болып, жыл бойы атқарылған жұмыстарды қортындылап, алда тұрған міндеттерді саралады. Өткен жылдың қорытынды жиыны  бейне ролик арқылы көрсетілді. Ауылшаруашылық саласы бойынша мемлекеттік бағдарламалар артығымен орындалған. Мал қарасы көбейіп, 100 пайыз сырғаланған. Агроқұрылымды дамытуға шаруалар барлығы 313,8 млн теңге көлемінде несие қаржы алған. Аудан көлемінде жаңадан 459 жаңа кәсіпкерлік нысан ашылып, жалпы олардың саны 3 346-ға жетті. Кәсіпкерлік саласында 2018 жылы 12 млрд. 991.4 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Аудандық маңызы бар 5 шақырым  Қарабұлақ-Балдысу автомобиль жолының құрылысы аяқталып пайдалануға берілген. Балдысу елді мекенінде 100 орындық мектеп құрылысы аяқталуға жақын. Созақ ауылындағы кәсіптік колледж, Құмкент ауылында спорт кешені және қатты тұрмыстық тастайтын полигон пайдалануға берілген. Балапан бағдарламасының орындалуы да көз қуантады, жалпы 4170 бала балабақшамен қамтылған. Созақтың ғана емес, қазақтың күй және сөз саңылақтары Тәкен Әлімқұлов, Бәтима Батырбекова, Асқар Сүлейменов, Төлеген Момбековтің мерейтойы республика көлемінде аталып тілді. 90 жылдық ауданның тойында 24 әлеуметтік нысан ашылды деді. Биылға жылы атқарылатын жұмысқа тоқталып,  ауданды көркейтуге қатысты міндеттерді бөлісті. Биылғы «Жастар жылына» орай, Жастар орталығының зәулім ғимараты салынады. Сондай-ақ, жастардың өміріне позитивті көзқарас енгізу үшін ауқымды шаралар ұйымдастыралатын болады.

Қорытынды сөзде аудан басшысы, Елбасының Халыққа Жолдауының ел дамуына негіз болатынын атап өтіп, көпшілікті ұрпақ тәрбиесіне, еңбекке  шақырды. Жалпы атқарылған жұмыстар халық тарапынан жоғары бағаланып, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.

           Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
Кәмелет жасқа толмағандардың құқық бұзушылықтар жасауын алдын алуға бағытталған жиын өтті Баспаға басу

ImageАудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында ауданының жергілікті атқарушы және уәкілетті мемлекеттік органдармен кәмелет жасқа толмағандардың құқықбұзушылықтар жасауын алдын алу бағыты бойынша атқарылған профилактикалық жұмыстарына баға беру, аудан аумағында орын алған жалпы қылмыстың алдын алу жұмыстарының  нәтижесін қараған алқа мәжілісі өтті.

               Алқа мәжілісін аудан прокуроры Айболат Досаев жүргізіп отырды. Жиынға ішкі істер бөлімі, аудандық білім бөлімі, ауданы әкімдігі жанынан құрылған кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия мүшелері, аудандық ветеринария бөлімі, жергілікті полиция бастығы және басқа аудан құзырлы мекеме басшылары қатысты.

Жиын барысында баяндама жасаған аудан прокуратурасының прокуроры Бейсембай Бексұлтан «өткен жылдың 12 айының өзінде кәмелетке толмағандармен 18 кәмелет жасына толмаған тұлғалармен 12 қылмыс жасалып, аудандық ІІБ-нің есебіне 19 жасөспірім арнайы бақылауға алынған. Бұл көрсеткіш аудандық білім беру ұйымдары мен аудандық полиция бөлімшесі және аудан әкімдігі жанынан құрылған кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияның кәмелетке толмағандарға қатысты жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шаралары төмен деңгейде екендігін көрсетеді»,- деді. Жиын барысында аудандық білім беру бөлімінің басшысы Айдаров Нұралы Тұрдыұлы, АПБ-і ЖПҚ-нің бастығы Қазанғапов Нұрғазы Нұрғалиұлы өз салалары бойынша есеп беріп, аудан прокуроры Айтболат Тайырханұлы бірқатар сұрақтарына жауап берді.

Алқа мәжілісін қорытындылаған аудан прокуроры Айтболат Тайырханұлы орын алған кемшіліктерді жою үшін тиісті бөлімдерге өз деңгейіндегі шараларды ұйымдастыруды ұсынып, өз тарапынан бақылауда болатынын атап өтті.

 Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Созақ ауданында болды Баспаға басу

ImageБүгін  Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Өтебаев Сәкен Нуриұлы Созақ ауданына іс- сапармен келді. Сапар барысында индустриялды аймақта болып, «UKO- Star», «Благо – Лизинг», «Дархан Ас» зауытының жұмысымен танысты. Онда жұмыс істеп жатқан жобаларға жоғарғы бағасын берді.

Сондай-ақ, аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бастауыш партия ұйымы төрағаларымен жиын өткізді.   Жиында аудан әкімі Салыхан Полатов жүргізді. Сәкен Нуриұлы жиын барысында Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндап, хабардар етті. Көпшілік тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Шолаққорған ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы,  дәрігер Бүркіт Арынов шаруаларға берілетін несие ұзақ уақытқа созылмай, қысқа уақытта берілу жолдары қарастырылса деген ұсынысын жеткізді. Өз кезегінде Мәжілісінің депутаты Өтебаев Сәкен Нуриұлы айтылған ұсыныс пікірлерді тиісті орынға жеткізетінін атап өтті.

 Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
Кәмелет жасқа толмағандардың құқық бұзушылықтар жасауын алдын алуға бағытталған жиын өтті Баспаға басу

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында ауданының жергілікті атқарушы және уәкілетті мемлекеттік органдармен кәмелет жасқа толмағандардың құқықбұзушылықтар жасауын алдын алу бағыты бойынша атқарылған профилактикалық жұмыстарына баға беру, аудан аумағында орын алған жалпы қылмыстың алдын алу жұмыстарының  нәтижесін қараған алқа мәжілісі өтті.

               Алқа мәжілісін аудан прокуроры А. Досаев жүргізіп отырды. Жиынға ішкі істер бөлімі, аудандық білім бөлімі, ауданы әкімдігі жанынан құрылған кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия мүшелері, аудандық ветеринария бөлімі, жергілікті полиция бастығы және басқа аудан құзырлы мекеме басшылары қатысты.

Жиын барысында баяндама жасаған аудан прокуратурасының прокуроры Бейсембай Бексұлтан «өткен жылдың 12 айының өзінде кәмелетке толмағандармен 18 кәмелет жасына толмаған тұлғалармен 12 қылмыс жасалып, аудандық ІІБ-нің есебіне 19 жасөспірім арнайы бақылауға алынған. Бұл көрсеткіш аудандық білім беру ұйымдары мен аудандық полиция бөлімшесі және аудан әкімдігі жанынан құрылған кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияның кәмелетке толмағандарға қатысты жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шаралары төмен деңгейде екендігін көрсетеді»,- деді. Жиын барысында аудандық білім беру бөлімінің басшысы Айдаров Нұралы Тұрдыұлы, АПБ-і ЖПҚ-нің бастығы Қазанғапов Нұрғазы Нұрғалиұлы өз салалары бойынша есеп беріп, аудан прокуроры Айтболат Тайырханұлы бірқатар сұрақтарына жауап берді.

Алқа мәжілісін қорытындылаған аудан прокуроры Айтболат Тайырханұлы орын алған кемшіліктерді жою үшін тиісті бөлімдерге өз деңгейіндегі шараларды ұйымдастыруды ұсынып, өз тарапынан бақылауда болатынын атап өтті.

 Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
Зейнетақы жинақтарының жай-күйін egov порталында sms-хабарламаның көмегімен білуге болады Баспаға басу

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Зейнетақы жинақтарының жай-күйін egov порталында sms-хабарламаның көмегімен білуге болады

«БЖЗҚ» АҚ 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2018 жылғы 11 қарашадағы №288 Қаулысының күшіне енетіндігін       хабарлайды. Соған сәйкес «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық табысты ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі электрондық үкімет порталында енді электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегінсіз де қолжетімді болады.    

Бүгінде зейнетақы жинақтарының жай-күйін мынадай тәсілдермен білуге болатындығын еске саламыз. Олар:

1)    БЖЗҚ кеңсесіне тікелей келіп өтініш жасау;

2)    дәстүрлі пошта байланысы;

3)    электрондық тәсіл, оның ішінде:

         БЖЗҚ-ға ұсынылған жеке электрондық мекенжай;

         логин және пароль (құпия сөз) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, БЖЗҚ порталындағы жеке кабинет;

         электрондық үкімет порталындағы жеке кабинет арқылы.

          Айта кетелік, соңғы хабарлау тәсілін қолдану үшін тек электрондық цифрлық қолтаңба қажет болатын. Енді 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап кез келген салымшы (алушы) бір реттік sms-парольді қолдана отырып, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме ала алады. Бұл үшін салымшы (алушы) электрондық үкімет порталының жеке кабинетінде тіркеліп, үзінді көшірме алуға сауал жолдайды. Содан кейін mGov мобильдік азаматтар базасында тіркелген салымшының (алушының) ұялы телефонына бір реттік sms-пароль жіберіледі.       

Атап өту керек, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені электрондық тәсілмен алған өте ыңғайлы. Бұл зейнетақы жинақтары туралы маңызды ақпараттарды 24/7 режимінде алуға мүмкіндік береді. 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған. Оны көру үшін сіздің браузеріңізде Java-script-ті қолдау қосылуы қажет.

 

 
Жаңалықтар Баспаға басу
2018 жылдың 23 желтоқсанында Созақ аудандық полиция бөліміне Созақ аудандық орталық ауруханасынан хабарлама түскен. Хабарламада 23.12.2018 жылы сағат 04:00-де Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, С.Қожанов көшесі №16 үй тұрғыны 27.01.1997 жылы туған Асылбек Талғатұлы Құлатай, 15.09.1996 жылы туған Нұрдәулет Ерболұлы Едіге және 15.08.1997 жылы туған Нұрхан Жүсіпұлы Шөкенов түрлі дене жарақатымен Созақ аудандық орталық ауруханасына жеткізіліп, ауруханада А.Құлатай дәрігерлік көмек көрсету кезінде жамбас және шат аймағының қан тамырларының кіре кесілген жарақаты салдарынан ауруханада қайтыс болғаны көрсетілген. Осы факт бойынша 23.12.2018 жылы ҚР ҚК-нің 106 бабының 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел іздестіру жұмыстары барысында осы қылмысқа күдікті ретінде А.М., Б.М., Р.Ө. және Ә.Б. медициналық куаландырудан өткізіліп, 23.12.2018 жылы Созақ аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына ҚР ҚПК-нің 131 бабының талабына сай енгізіліп, 25.12.2018 жылы бұлтартпау шарасы күзетпен ұстау Созақ аудандық сотымен санкцияланды. Қылмыстық іс бойынша сот медициналық, сот биологиялық, сот психиатриялық, сот наркологиялық сараптамалары тағайындалды.
 
<< [Бірінші] < [Алдыңғы] 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 [Келесі] > [Соңғы] >>

Нәтижелер 1 - 15 ішінен 619

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 17 Ақпан 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728     

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы