Галерея

Жаңалықтар
Жаңалықтар
МЗЖ бойынша зейнетақы шоттары БЖЗҚ-да автоматты түрде ашылады Баспаға басу

Қазір Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы шотын ашу рәсімі жеңілдетілді және салымшының жеке қатысуы талап етілмейді. Қазақстан Республикасының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін жеке тұлғаға ЖЗШ ашу туралы өтініш ресімдеу мақсатында БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселеріне келудің қажеті жоқ. 

Естеріңізге сала кетейік, егер жеке тұлғаның БЖЗҚ-да ашылған жеке зейнетақы шоты болмаса, онда ол бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлғаны сәйкестендіру МЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (ТАӘ, ЖСН, туған күні) бойынша жүзеге асырылады. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері, тұрақты тұратын жері туралы барлық қажетті мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын болады.

Осылайша  ағымдағы жылдың қаңтарынан мамыр айына дейін (қоса алғанда) бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде бір миллионнан астам шот ашылды, дәлірек айтсақ, 1 075 220 ЖЗШ. Бұл өткен 2019 жылдың сәйкес кезеңінде ашылған шоттар санынан тоғыз есе көп, ол кезде алғашқы бес айда 121 032 ЖЗШ ашылған болатын.

            Айта кету керек, ЖЗШ автоматты түрде ашылған кезде салымшыны зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабардар ету БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселеріне өзіңіз келіп өтініш жасаған кезде ғана жүргізіледі. Бірақ БЖЗҚ кеңселеріне келмей-ақ ыңғайлы әдіс таңдауға да болады. Ол үшін БЖЗҚ сайтындағы (www.enpf.kz) немесе ұялы қосымшасындағы (ENPF) жеке кабинетте өз жинақтарыңызды бақылау үшін Қор сайтына электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен тіркелу жеткілікті. Сондай-ақ, жеке кабинетте саусақтың бір-екі қимылымен Сіз ЖЗШ-дан үзінді көшірмені ғана алып қоймай,  зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді, шарттардың деректемелерін және т.б. көре аласыз.

 

 
«БЖЗҚ» АҚ-ның салымшылары 90 пайыздан астам қызмет түрлерін онлайн режимінде алуда Баспаға басу

Қазақстанның кейбір қалаларында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына байланысты жалғасып жатқан карантинге қарамастан  Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары қызметтерді толық көлемде алуда. 

2020 жылдың 1 маусымына БЖЗҚ қызметтерінің 90% астамы электрондық форматта көрсетілді. Қазіргі заманға сай дамыған технологиялардың және Қордың ақпараттық жүйелерінің сапалы жұмысының арқасында салымшылар қызметтердің көп бөлігін үйден шықпай-ақ ала алады.  

2020 жылдың алғашқы бес айында ғана БЖЗҚ салымшыларына 8,2 миллионнан астам қызмет көрсетілді, нақтырақ айтқанда 8 264 756. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 7,3%  жоғары. Барлық қызметтердің 91,1% немесе 7,5 миллионы электрондық форматта көрсетілді. Қазіргі уақытта ең танымал қызмет жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу болып табылады: бұл қызметті 7,7 миллионнан астам салымшы таңдаған. Ол 2019 жылдың 1 маусымындағы көрсеткіштермен салыстырғанда 22,6% өсті. 7,5 миллионға жуық үзінді көшірме электронды түрде алынды.   

Естеріңізге сала кетейік, ресми сайттағы және БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасындағы жеке кабинетте үзінді көшірмені ғана емес, БЖЗҚ ұсынатын бірқатар қызметтерді де алуға болады. Мысалы, өз деректемелеріңізге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ бар екендігі туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектік белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлем жасау және (немесе) көшуге берілген өтініштің мәртебесін қадағалау және т.б. 

БЖЗҚ-ның алдына қойған міндеттерінің бірі – сапалы консультациялық қызметтер көрсету және  Қор салымшылары мен алушыларына арналған ақпараттық арналарды барынша дамыту. Осылайша ағымдағы жылдың бес айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда кері байланыс арналары бойынша салымшылар жасаған өтініштер саны шамамен екі есеге өсті. 2020 жылы 558 005 өтініш жасалса, 2019 жылдың осы кезеңіндегі өтініш саны – 253 063. 

БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмірі бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) call-орталықтан кеңес ала алады, сонымен қатар +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша Whatsapp және Viber чат-боттары арқылы www.enpf.kz корпоративтік сайтында, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларында кеңес алуға болады.  

 
Қазақстандықтар БЖЗҚ-дағы шоттарына 428 миллиард теңгеден аса қаржы аударды Баспаға басу

Салымшылардың шоттарына 2020 жылдың басынан бастап 428,2 млрд теңге көлемінде зейнетақы жарналары аударылған, бұл 2019 жылдың алғашқы 5 айындағы көрсеткіштерден 12% артық. Жарналардың жалпы көлемінің 95% астамы БЖЗҚ - ға міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) түрінде аударылған түсімдердің үлесінде, оның сомасы – 408 млрд теңге, ал міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) – 20 млрд теңгеден астам, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – 134 млн теңгені құрады. 

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша заңды тұлғалар 385 млрд. теңгеден астам, жеке тұлғалардан – 21 млрд. теңге, ал бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеушілерден 2 млрд. теңге аударылды. 

Өзінің жеке зейнетақы шоттарын биыл кем дегенде бір рет (2020 жылғы қаңтар – мамыр) толтырған белсенді салымшылардың жалпы саны 8,3 млн. адамнан асты. Бұл 2019 жылғы белсенді салымшылардың санынан 1,2 есе көп, ол кезде бұл көрсеткіш 6,6 млн. адам болды.  

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың бес айының қорытындысы бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шоттарының саны 1 миллион бірлікке артты. Ағымдағы жылдың бірінші қаңтарында ЖЗШ саны 10 672 567 бірлікті құраса,  1 маусымда 11,6 миллионға (11 682 546) жетті. ЖЗШ ең көп ашылған ай сәуір болды, бұл айда 954 952 шот ашылды, екінші орынды мамыр айы иеленді – 52 530, одан әрі ақпан – 30 455 жаңа ЖЗШ. 

Мамыр айында өткен аймен салыстырғанда БЖТ бойынша аударылған жарналар үлесінің төмендеуі байқалды. Сәуір айында 3 миллионнан астам жарна төленді, мамыр айында БЖТ бойынша жарналар саны 317 573 бірлікті құрады. БЖТ жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметпен айналысып жүрген, сондай-ақ жалдамалы қызметкер еңбегін пайдаланбайтын, салық агенттеріне қызмет көрсетпейтін және (немесе) жеке қосалқы шаруашылық өнімдерін басқа жеке тұлғаларға сатумен айналысып жүрген (жылдық табысы 1175 АЕК-тен аспауы тиіс) жеке тұлғаларға арналған. БЖТ зейнетақы төлемін алуға және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарай базалық зейнетақы төлемін алуға; міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы болуға; еңбек ету қабілетінен, жұмысынан, асыраушысынан айырылған, жүктілік және босануға, бала асырап алуға, 1 жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдер алуға құқық береді.

 
БЖЗҚ алушыларға 62 миллиард теңгеден аса қаржы төледі Баспаға басу

2020 жылдың алғашқы бес айында Қор 209 213 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 62,4 миллиард теңгеге 794 мыңнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде:

- зейнеткерлік  жасқа толу бойынша төлемдер – 24,7 млрд теңге;

- ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер – 14,2 млрд теңге;

- сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 13,3 млрд теңге;

- мұрагерлік бойынша төлемдер – 8,6 млрд теңге;

- жерлеуге берілетін төлемдер – 894,1 млн теңге;

- мүгедектік бойынша төлемдер – 661,7 млн теңге.

Бұл ретте кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) 22 393 теңгені құрап,  ең жоғарғы ай сайынғы төлем  сомасы 506 980 теңге болды. 

 

 
БЖЗҚ-дағы шоттар саны 11,6 миллион бірліктен асты Баспаға басу

БЖЗҚ-ның 2020 жылдың 1 маусымындағы негізгі көрсеткіштері

 2020 жылдың бес айының қорытындысы бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шоттардың саны 1 миллион бірлікке жуық ұлғайды. Ағымдағы жылдың бірінші қаңтарында ЖЗШ саны 10 672 567 бірлікті құраса,  1 маусымда бұл көрсеткіш 11,6 миллионға (11 682 546) жетті. 

Шоттардың ең көп саны міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылды, олардың саны он бір миллионнан асты, дәлірек айтқанда 11 111 389. Одан кейінгі орынды иеленген міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптасқан шоттардың саны 515 837-ге жетті. Ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) да саны арта түсті, БЖЗҚ-дағы мұндай шоттардың саны – 55 320.  

Жалпы шоттарда 11,7 триллион теңге зейнетақы жинақтары шоғырланған. Жыл басынан бері сома 866 миллиард теңгеге немесе  8%  ұлғайды. 

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы МЗЖ есебінен қалыптасты және 11,4 трлн теңгені құрады. МКЗЖ бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 275,6 млрд теңге болды (жыл басынан бергі өсім 12%), ЕЗЖ бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,1 млрд теңгеден асты (өсім 7%).  

Салымшылардың шоттарына 2020 жылдың басынан бастап 428,2 млрд теңге көлемінде зейнетақы жарналары аударылған, бұл 2019 жылдың алғашқы 5 айындағы көрсеткіштерден 12% артық. Жарналардың жалпы көлемінің 95% астамы БЖЗҚ - ға МЗЖ түрінде аударылған түсімдердің үлесінде, оның сомасы – 408 млрд теңге, ал МКЗЖ – 20 млрд теңгеден астам, ЕЗЖ – 134 млн теңгені құрайды. 

Төлемдер 62,4 млрд теңге болды, оның басым бөлігі жасы бойынша төлемдерге (24,7 млрд теңге), ҚР-дан тыс жерлерге ТТЖ-ға кету бойынша (14,2 млрд теңге), сақтандыру ұйымдарына аударымдар (13,3 млрд теңге), мұрагерлерге (8,6 млрд теңге), жерлеуге (0,9 млрд теңге) тиесілі. 

2020 жылдың басынан бастап 1 маусымына дейінгі жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 499 млрд теңгеден астам таза инвестициялық табыс есептелді, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 272,4 млрд теңгеге артық. Соңғы 12 айда зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция 6,7% болғанда  8,9% құрады, яғни зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік оң көрсеткішке ие. 

 
Зейнетақыны алуға уақытылы хабарласыңыз Баспаға басу

Өткен өміріне сын көзбен қарап, өзіне есеп беретін ең саналы кезең – «алтын күзді» басынан әр адам өткереді. Көпшілігіміз бұл сәтті тағатсыздана күтеміз, бірақ күнделікті күйбең тіршілікпен жүріп, бұл күн туралы мүлде ұмытып кететіндер немесе зейнетақыны ресімдеуді кейінге қалдыратындар да жоқ емес. Сондықтан зейнетақыны дер кезінде неліктен ресімдеу керектігін біз «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы Түркістан облыстық филиалының директоры С.С. Байдуановтан білген едік. 

- Самат Стаханович, зейнет жасына толған адамға қашан және қайда хабарласу керек?   

- Заңда белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына және еңбек сіңірген демалысқа шығуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін алушыларға тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы ЭЦҚ пайдалана отырып жүгіну қажет. 

- Бұл тек БЖЗҚ-дан берілетін төлемдерге қатысты ма әлде мемлекеттік зейнетақы төлемдері үшін де осындай әрекет жасалуы керек пе?   

Жалғасы...
 
Қазақстандықтардың зейнетақы жүйесі туралы сауаттылық деңгейі арта түсті Баспаға басу

Халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығының деңгейін анықтайтын жыл сайынғы тәуелсіз әлеуметтік зерттеудің қорытындысы шығарылды.

Зерттеулерді «Стратегиялық зерттеулер орталығы» Қазақстанның 14 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаласының тұрғындары арасында жаппай сауалнама жүргізу әдісімен өткізді. Жалпы алғанда 3000 респондент сауалнамаға қатысты, олардың ішінде жалдамалы қызметкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және жұмыссыз адамдар бар. Респонденттердің басым бөлігі (сауалнамаға қатысқандардың 899 немесе 29,97%) коммерциялық бизнес саласында жұмыс істейтіндер. Одан кейінгілер өндірістік бизнесте жұмыспен қамтылғандар – 386 респондент немесе сауалнамаға қатысқандардың жалпы санының 12,87%-ы. Сұралғандардың арасында маңыздылығы жағынан үшінші топ 368 адам немесе 12,27% болатын ауыл шаруашылығы қызметкерлері болды. Ғылым саласында қызмет ететіндердің саны ең азы болып шықты, 30 респондент немесе сұралғандардың жалпы санының 2,87%өздерін осы қызмет саласына жатқызады.

Зерттеу сауалнамасы сұрақтарының негізгі дені Қазақстан халқының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығын анықтауға бағытталған 24 сұрақтан тұрды.

Сауалнаманың нәтижелері халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы сауаттылық деңгейінің жоғарылағанын көрсетті.

Жалғасы...
 
Жақында Норвегияның зейнетақы қоры туралы мақала оқыдым, олардың Қорында жұмсауға үлгере алмай жатқан орасан зор сома жиналып қалған екен, ал біздің БЖЗҚ-дағы зейнетақы активтері неге сонша аз? Баспаға басу

Салыстырудың өзі қисынсыз, өйткені өзінің атауына қарамастан Норвегия азаматтарын зейнетақымен қамсыздандыру Норвегияның мемлекеттік зейнетақы қорының бастапқы және басым міндеті болып табылмайды. Мемлекетке тиесілі бұл Қор сонымен бірге жинақтаушы және тұрақтандырушы ұйым болып табылады және оның міндеті – бюджет саласының тұрақтылығын қамтамасыз ету. Норвегия Парламентіне тиесілі Қордың мемлекеттік бюджетке жыл сайынғы транштарының зейнетақы төлемдерін қамтамасыз ету туралы қатаң нысаналы мақсаты жоқ, бұл Норвегия бюджетін қаржыландыру көздерінің бірі ғана, ал оларға бөлінетін қаражат Скандинавия елінің экономикасы мен өмірінің түрлі салаларына бағытталуы мүмкін.

МЗҚ-ның БЖЗҚ-дан тағы бір ерекшелігі, қазақстандық Қорға қарағанда норвегиялық активтер азаматтардың дербестендірілген жинақтары болып табылмайды, шын мәнінде Норвегияның ұлттық әл-ауқатын тұрақтандыру қоры болып табылады. Осылайша Норвегияның Мемлекеттік зейнетақы қорының жинақтарды қалыптастыру қағидаты мен стратегиялық мақсаттарын  қазақстандықтардың жеке зейнетақы жинақтары қалыптастырылатын БЖЗҚ-мен емес, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорымен (ол өз уақытында дәл осы норвегиялық үлгі бойынша құрылған) салыстырған дұрыс болар еді
 
«БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдеріне жеке табыс салығы салына ма? Егер салынатын болса, мөлшері қандай? Баспаға басу

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (бұдан әрі - Заң) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабында баяндалған редакциядағы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 320 және 326-баптарына сәйкес салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табыс түрлері мен зейнетақы төлемдері түріндегі табыстарға қолданылатын салық мөлшерлемесі айқындалған. 

Атап айтқанда, 320-бапқа сәйкес – Салық төлеушінің табыстарына 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған дивидендтер түріндегі табыстарды қоспағанда, оларға 5 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады.

326-бапқа сай – Салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жүзеге асыратын:  

       1) салық төлеушілердің:

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;

      ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт талаптарына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары;

      2) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрғылықты тұратын жерге кеткен Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаларына;

      3) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған және Қазақстан Республикасының шегінен тыс  тұрғылықты тұратын жерге кеткен Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаларына;

      4) жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалған зейнетақы жинақтары;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамды жерлеуге арналған біржолғы төлем түрінде жеке тұлғаларға жүзеге асыратын төлемдер жатады.

 
Төтенше жағдай кезеңінде мен 42 500 теңге мөлшеріндегі жәрдемақыны екі рет алдым, бұл менің зейнетақы шотыма қандай да бір әсерін тигізе ала ма? Баспаға басу

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 42 500 теңге көлемінде берілетін әлеуметтік жәрдемақыға ешқандай қатысы жоқ. Төтенше жағдай енгізілуіне байланысты табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде берілетін әлеуметтік жәрдемақы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) беріледі.

МӘСҚ активтері – әлеуметтік аударымдардан жинақталған қаражат, ол ҚР «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңында көзделген әлеуметтік тәуекел жағдайлары туындаған кезде берілетін әлеуметтік төлемдерге арналған. Әлеуметтік тәуекел жағдайларына, мәселен, жұмысынан, еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан айрылу, жүктілігі және босануына, жаңадан туған нәрестені (сәбиді) асырап алуына, сондай-ақ бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалысты болуына орай табысын жоғалту жатады.

Ал БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері – бұл «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес зейнетақы төлемдеріне арналған салымшылардың жеке зейнетақы шоттарындағы меншікті ақшасы (зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысы).

Сонымен қатар БЖЗҚ-дағы Сіздің зейнетақы жинақтарыңыздың сақталуына мемлекет кепілдік береді. Заңның 5-бабына сәйкес, мемлекет алушыларға БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.

 
<< [Бірінші] < [Алдыңғы] 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 [Келесі] > [Соңғы] >>

Нәтижелер 1 - 15 ішінен 953

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 08 Шілде 20 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031   

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы