Галерея

Жаңалықтар
Жаңалықтар
Мемлекеттік қызметшілер ант қабылдады Баспаға басу

ImageМемлекеттік қызметшілер күніне орай мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген бір топ азаматтардың салтанатты ант қабылдау рәсімін өтті. Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен жиынға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты. Ант беру рәсімінде аудан әкімі Салыхан Полатов сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметте алғаш қадамын бастап отырған жас мамандарды құттықтады. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеу, үлкен ізденісті, ынта жігер мен адалдықты талап етеді деген аймақ басшысы алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Алғаш болып мінбеге шыққан аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы Сатыбалдиев Ербол Әубәкірұлы, Шолаққорған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Орынтайқызы Жанерке, Жартытөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Шардарбекова Лаура Бердібекқызы, Қыземшек кенті әкімі аппаратының бас маманы Аманқұлова Ақсымбат Рақышқызы салтанатты түрде ант қабылдады.

          Айта кету керек, аудан көлемінде мемлекеттік қызмет органдарының 20-жылдығын ұлықтау аясында түрлі шаралар өткізіліп жатыр.

 

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
Ардагер мемлекеттік қызметкерлерді қабылдады Баспаға басу

ImageМемлекеттік қызмет органдарының құрылғанына 20-жыл толуына орай аудан әкімі Салыхан Полатов мемлекеттік қызмет саласында елеулі еңбек сіңірген ардагерлерді қабылдау форумын өткізді.

Форумға іс басындағы мемлекеттік қызметкерлер және БАҚ өкілдері қатысты.

Форумда аудан әкімі Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «5 институционалды реформа: 100 нақты қадам» Ұлт Жоспары бойынша кәсіби мемлекеттік аппарат құруға бағытталған іс-шаралар туралы қатысушыларға хабардар етті.

Форумда мемлекеттік қызметтен зейнеткерлікке шыққан ардагерлер Мыңжасар Асқаров, Аманбек Мұсабек, Қабылбек Еспенбетов, Пардабек Сақтапбергенұлы, Әбубәкір Сахиұлы, Тиышкүл Керімбекова, Беркінбай Еденбаевтар өздерінің еңбек жолдарын айта келіп, мемлекеттік қызмет сапасын жақсарту жағдайындағы ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.


Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
Әдеп кодексінің нормаларын сақтау және бұзушылықтардың алдын алу бойынша семинар өтті Баспаға басу

ImageАудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында әдеп кодексінің нормаларын сақтау және бұзушылықтардың алдын алу бойынша жиын өткізілді. Жиынды

ауданы әкімі аппаратының басшысы, Созақ ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардағы әдеп жөніндегі уәкілі Қалдыбек Оразов жүргізіп отырды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы, Қ.Оразов мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің мінез-құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық стандарттары, көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттарына жеке-жеке тоқталып, ондағы талаптарды қатаң сақтау керектігін айтты.

Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және жауаптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуы тиіс екендігін айтып, киімге қойылатын талаптарды сақтау қажеттігін жеткізді.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің телефонмен сөйлесу әдебін сақтауды, жұмыс уақытын тиімді пайдалануды, бөлім басшыларына мемлекеттік қызметшілеріне осы талаптарды сақтау керектігін әрдайым жеткізіп отыруды тапсырды.

Сонымен қатар, қандай мәселеде болмасын шешім қабылдау кезінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол бермеу керектігін ескертті.

Семинар соңында, аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Оразов қорытындылап, айтылған мәселелер бойынша туындаған сұрақтарына жауап берді.


Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
ҚР Ұлттық Банкінің инвестициялық қызметі Баспаға басу

Зейнетақы активтерінің валюталық портфеліне қатысты жаңа стратегиялық үлестірім аясында зейнетақы активтері дамушы және дамыған елдердің облигациялары мен акцияларының ғаламдық индексіне инвестицияланатын болады. Бұл жерде индекс - тәуекел мен табыстылықтың белгілі бір шамаларына жауап бере алатын қаржы құралдарының жиынтығы. Оларды инвесторлар эталонды портфельдер ретінде қолданады.

 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі дербес басқару аясында арнайы механизм әзірледі. Ол макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау негізінде инвестициялық жағынан тартымды елдерді таңдауға мүмкіндік береді. Ал бұл елдер JPMorgan және Merrill Lynch компанялары әзірлеген және қадағалайтын, дамушы елдер облигацияларының ғаламдық индексіне енген.      

 2017 жылы зейнетақы активтерін инвестициялау мақсатында жүргізілген талдау нәтижесінде тұрақты макроэкономикалық көрсеткіштерге және кредиттік рейтингтерге ие 11 дамушы ел таңдап алынды. Олар Оңтүстік-Шығыс Азия, Латын Америкасы және Шығыс Еуропа аймақтарындағы мемлекеттер.

 2017 жылдың қарашасында Ұлттық Банк зейнетақы активтерін Бразилия, Мексика, Чили, Перу, Польша, Индонезия және басқа да дамушы елдер Үкіметінің АҚШ долларында номинирленген мемлекеттік бағалы қағаздарына кезең-кезеңмен инвестициялау шараларын қолға алды. 

 2018 жылдың 1 сәуіріне қарай зейнетақы активтерінің 73,29 пайыздан астамы рейтингі «ААА» -дан «BBB-»-ға дейін болатын, тәуекелі ең төмен қаржы құралдарына, ал 15,58 пайызы ұстамды дәрежедегі тәуекелі бар (рейтингі «ВВ+» -тен «В-») қаржы құралдарына орналастырылды. Бұл ретте 849 млрд теңгенің қаржы құралдары (инвестициялық портфельдің 10,08 пайызы) рейтингтік бағаға ие емес. Соған қарамастан олардың эмитенттері алдыңғы қатарлы халықаралық агенттіктер тарапынан барабар кредиттік рейтингтерге ие немесе инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырады және олар бойынша қаржыны қайтару жөнінде мемлекеттік кепілдік бар.    

 БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған. Оны көру үшін сіздің браузеріңізде Java-script-ті қолдау қосылуы қажет.

 
Қазақстандықтардың жартысынан астамы зейнетақы жүйесіне сенеді Баспаға басу

2017 жылдың соңында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Қоғамдық Пікірлерді Зерттеу Орталығы» ЖШС бірлесе отырып, әлеуметтік зерттеу жүргізді. Соның нәтижесі бойынша қазақстандықтардың зейнетақы Қорына және отандық зейнетақы жүйесіне қаншалықты сенетіндігі, сондай-ақ тұрғындардың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауатылығының деңгейі анықталды. 

 Сауалнама нәтижесі бойынша мынадай мәліметтерге қол жеткізілді: Қазақстан халқының отандық зейнетақы жүйесіне деген сенім индексі ықтимал 10 баллдың ішінде 5,9 баллды құраса, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына деген сенім индексі ықтимал 10 баллдың ішінде 5,7 баллды құрады. Тұрғындардың 58,2 пайызы ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы базалық білімге ие болса, 24,7 пайызының бұл салаға қатысты сауаттылығы жоғары. Бұл ретте тұрғындардың көпшілігі (61%) зейнет жасында қаржылық дәулеттілік негізі -  зейнетақы жинақтары болатындығын құптайды, қазақстандықтардың жартысы (50,4%) болашақ зейнетақының қандай болатындығына өздері жауапты болатындығын түсінеді, ал 85 пайызы қолданыстағы зейнетақы жарналарының бірі туралы хабардар.

 Әлеуметтік-демографиялық сипаттама тұрғысынан жасалған талдау – 18-29 және 60-65 жастағы азаматтар арасында, сондай-ақ ауыл тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер және үкіметтік емес сектор жұмыскерлері арасында сенім деңгейінің жоғары екендігін көрсетті. Сенім деңгейі Ақмола, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды және Павлодар облысы, сондай-ақ, Алматы қаласы тұрғындарының арасында жоғары. Гендерлік тұрғыда айырмашылық жоқ.  

 Алынған нәтижелер зейнетақы Қорына деген сенімді одан әрі нығайту және Қазақстан халқының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы хабардарлығын (сауаттылығын) арттыруға негіз болады. 

 БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған. Оны көру үшін сіздің браузеріңізде Java-script-ті қолдау қосылуы қажет.

 

 
БЖЗҚ әрдайым байланыста Баспаға басу

          Image Қарттық шақта қамсыз өмір сүру үшін қандай қарекет жасау керек? Менің зейнетақы шотымда қанша қаржы жиналды? Зейнетақы активтерінің табыстылығы қандай? Бұл сауалдар зейнетақы қорына жарна жинап жүрген әрбір азаматты толғандыратыны анық.  Қазақстандықтардың осы сарындас сұрақтарға жан-жақты жауап алуға мүмкіндігі бар. 20 маусым күні Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының барлық өңірлік филиалдарында Ашық есік күні өтеді. Жұртшылықпен кезекті кездесудің тақырыбы  - «Зейнетақы жинақтары. Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы хабарлау әдістері».  Шара қарсаңында біз Қордың   Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры Самат Стаханұлы Байдуановты әңгімеге тартқан едік.

Сұрақ: БЖЗҚ Ашық есік күндерін жүйелі өткізіп келе жатқанына екінші жыл. Бұл шараның қажеттілігі неде? 

-          Бұл жобаны біз былтырғы жылдың басынан бастап қолға алдық. Осы уақыт ішінде оған республика бойынша 19 мыңнан астам адам қатысты. Зейнетақы қалай есептеледі, бұл салаға қатысты қандай заңнамалық өзгерістер бар? Кең ауқымды түсіндірмелік жұмыстарға қарамастан, халықтың зейнетақы қорына қатысты сауалдары әлі де баршылық.  Ашық есік күні жұртшылықтың зейнетақы жүйесі туралы мағлұматын кеңейтіп қана қоймай, өздеріне қатысты жеке сұрақтары бойынша мамандардан кеңес алуға мүмкіндігі бар.  Қазақстандықтардың зейнетақы тақырыбына жоғары қызығушылығын ескере отырып, Қор басшылығы шараны жүйелі түрде өткізу туралы шешім қабылдады.   

Сұрақ: Қазақстанда қандай зейнетақы түрлері бар? Оған кім иек арта алады? 

- Қазіргі таңда зейнетақы жарналараның үш түрі бар.  Оның біріншісі – міндетті зейнетақы жарналарын жұмыс беруші жұмыскердің айлық табысының 10 пайызы көлемінде аударып отырады.  Екіншісі – міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын жұмыс беруші зиянды жағдайда жұмыс істейтін қызметкерлердің есепшотына айлық табысының 5 пайызы көлемінде аударады.  Ал, үшінші- ерікті зейнетақы  жарнасы өзінің зейнет кезеңін жоспарлап,   қарттық жасындағы қажеттіліктеріне қаражат жинауға дайын азаматтарға арналған. Жарнаның бұл түрінің сомасын салымшы өз ықтиярына қарай белгілей алады.  Өкінішке орай, азаматтардың зейнетақы жүйесінің қалай жұмыс істейтіні туралы білімі біркелкі емес. Осының салдарынан кей азаматтарымыз зейнетақы шағын дұрыстап жоспарлай алмайды, ал кейде тіпті бұл кемшілік олардың құқықтарының шектелуіне әкеліп жатады. Сондықтан Ашық есік күні аясында біз бұл тақырыпқа ерекше тоқталып өтуді жөн санадық.

 

   Сұрақ: Ашық есік күнінің екінші тақырыбы – жеке зейнетақы шоттарының жай-күйі туралы ақпарат алу әдістері. Бұл тақырыптың маңыздылығы неде?

-          Бұл да өте өзекті тақырып. Себебі азаматтарды өз зейнетақы шотында қанша жарна жиналғаны, олардың қаншалықты тиімді инвестицияланғаны әрдайым алаңдатады. Зейнетақы қоры салымшылары мен алушыларын бұл туралы әрдайым құлақтандырып отырады. Ал соңғы  жылдары ақпараттандыру тәсілдері айтарлықтай кеңейді. БЖЗҚ уақыт талабына сай дамып келеді. Қашықтық арқылы қызмет көрсетуге есептелген көптеген жаңа электрондық сервис түрлері қолданысқа енгізілді. Енді кеңсеге барып, кезекте тұрмай-ақ қызмет алып, уақыт үнемдеуге болады. Зейнетақы шотының жағдайын үйде отырып-ақ, тіпті ұялы телефон арқылы да қадағалауға болады.  2017 жылы Қорды электрондық  операцияларының көрсеткіші 52 пайызға жеткен.  Мұндай қызмет түрлерін біз одан әрі де жетілдіре бермекпіз. Цифрландыру – сән қуу емес, бұл біздің өмірімізді барынша қолайлы ететін уақыт талабы.  Сондықтан біз жұртшылықты бұл мүмкіндіктермен кеңірек таныстырмақпыз.   

 ЖЗШ-дан үзінді-көшірме алудың қандай нақты түрлері бар? Зейнетақы рәсімдеуді есептемегенде бұл ең көп сұранысқа ие қызмет түрі ғой. 

Қазіргі таңда тек ЖЗШ-дан көшірме алу ғана емес, БЖЗҚ-ның көптеген қызмет түрлері электрондық  нұсқаға  көшірілген.  Қор салымшылары мен алушыларына өз жарналары туралы ақпаратты қашықтықтан  алуға мүмкіндік беретін ыңғайлы әдістерін ұсынып отыр.  Ал «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының енгізілуі бұл мүмкіндіктерді одан әрі кеңейтуде.   Қысқаша тоқталар болсам, қазір  мұндай ақпаратты электрондық пошта арқылы ғана емес, Қор сайтында жеке кабинет ашу арқылы, EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы да алуға болады.      Android, iPhone, iPad, Windows Phone операциялық жүйелеріне есептелген  мобильді қосымша да жұртшылық арасында үлкен сұранысқа ие. Әрине, ақпарат алудың белгілі бір тәсіліне жүгіну үшін  Қор кеңсесіне келіп  өтінім жазу, электрондық цифрлық қолтаңбаға жүгіну сынды белгілі талаптар бар.  Дегенмен, бұл  дәстүрлі қызмет түрлерінен әлдеқайда қолайлы екені анық. Осы жаңа қызмет түрлерімен біз жұртшылықты Ашық есік күнінде кеңірек таныстырмақпыз. Сонымен қатар,  азаматтарға қосымша сұрақтары бойынша жеке кеңес беруге дайынбыз. Сондықтан жұртшылықты 20 маусым күні сағат 10:00 мен 17:00 аралығында ОҚО, Шымкент қ., Байдибек Би даңғылы 45 ғимаратында асыға күтеміз.

-          Әңгімеңізге рахмет. Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!

 
МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ Баспаға басу

ImageБүгін А. Жұбанов атындағы саз мектебінің акт залында «Мерейлі отбасы-2018» ұлттық конкурсының аудандық деңгейіне қатысқан отбасыларды марапаттау салтанаты өткізілді. 
Салтанатты жиында аудан әкімі Салыхан Сабырұлы Полатов құттықтау сөз сөйлеп, мерейлі отбасыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады. 
Байқаудың облыстық кезеңінің лауреаты Пардабек Сақтапбергенұлы арнайы сөз алып, қажырлы еңбек, тағылымды тәрбие, ізгі дәстүрлер сабақтастығын лайықты жалғастырып келе жатқан мерейлі отбасыларды құттықтады. 
Салтанатты жиын аудан өнерпаздарының мерейлі отбасыларға сазды тартуына ұласты.
«Мерейлі отбасы-2018» ұлттық конкурсының облыстық кезеңінің лауреаттары:
Пардабек Сақтапбергенұлы және Жарылқасын Кеңесбайұлы Айдарбековтің отбасылары.
Конкурстың аудандық деңгейінің лауреаттары:
Иса Қайрат Еркіншеұлы – Шу ауылдық округі
Қашқынбеков Алайдар Абжаппарұлы – Құмкент ауылдық округі
Тәпі Әшімхан Ибадуллаұлы – Жартытөбе ауылдық округі
Сарыбаев Бекзатхан – Қарағұр ауылдық округі
Тастанбекұлы Ондыбай – Қыземшек кенті
Искаков Болат Құлменұлы- Созақ ауылдық округі
Омар Іргебай –Қаратау ауылдық округі
Ботабеков Шарипбек – Сызған ауылдық округі
Баймышев Құрманәлі Ақшалұлы – Жуантөбе ауылдық округі
Игіліков Шәбден Нәбиұлы – Таукент кенті
Жұмабаев Төлеуғали – Тасты ауылдық округі
Дәулетбаев Асылбек – Шолаққорған ауылдық округі
Райымқұлова Рысты – Шолаққорған ауылдық округі
Абдуллаев Жарқын – Шолаққорған ауылдық округі
Әлиев Шахмар – Таукент кенті.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
"Теріскей таланттары-2018" халық өнер фестивалінің қорытынды концерті өтті Баспаға басу

ImageСозақ ауданының 90 жылдығы жəне Астан­аның 20 жылдық мерек­есіне орай аудандық «Теріскей таланттары­-2018» халық өнер фе­стивалінің жабылу сал­танаты өтті.  Үш ай бойы теріскей даласын әнмен жырға бөлеген фестиваль тұрғындардың зор ықыласына бөленді. Айтулы шараға аудан әкімі Полатов Салыхан Сабырұлы қатысып, барша созақтықтарды ауданның 90 жылдық мерейтойымен және өнер мерекесімен құттықтады. 700-ден аса өнерпаз қатысқан фестивальде ауыл округ өнерпаздары  «Сырлы саз әу­ендері» - эстрада жа­нры, «Зерлі қалам» - бейнелеу өнері қыл қалам шеберлері жа­нры, «Күміс керуен» - қолөнер шеберлері жанры, «Сырлы дүние­»-жыр мүшәйрасы және көркемсөз оқу жанр­ы, «Гауһартас» - хал­ық әндері жанры, «Сә­укеле» - би жанры, «Сахна иірімі»- драма жанры, «Халық – өн­ер қайнары» ұжымдық көркемөнерпаздары сынды се­гіз жанр бойынша бақ сынады.

Бас жүлдені Шолаққорған ауылы округінің өнерпаздары еншілесе, бірінші орындарды Таукент кентімен Жуантөбе ауыл округі иеленді. Екінші орын Сызған, Құмкент  ауыл округінің өнерпаздары лайық деп табылды. Жүлделі үшінші орынды Жартытбе, Қыземшек ауыл округ өнерпаздары алды.

          Фестивальдің жүлде қорына аудан əкімдігі тарапынан - 2 500,0 мың теңге тағайындалып, жеңі­мпаздар алғыс хат және ақшалай сыйлықтармен марапат­талды.  

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
«Мемлекеттік рәміздер» күні автошеру өтті Баспаға басу

ImageБүгін Шолаққорған ауылындағы орталық алаңда «Мемлекеттік рәміздер» күніне орай мерекелік шара өтті. Оған аудандағы барлық мекемелер мен аудан тұрғындары қатысты. Шара барысында аудан әкімі С. Полатов барша тұрғындарын осынау мерекемен құттықтап, рәміздердің қадір қасиетін айтып өтті.

          Шара ауыл автокөлік шеруімен жалғасып, олар ауыл ішін аралап, мемлекеттік рәміздер ұлықталды. Шеру «Тәуелсіздік» саябағында аяқталып, ондағы концерттік бағдарламамен жалғасты.

2007 жылдың 4 маусымында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңы қабылданып, содан бері бұл күн Қазақстан Республикасында Мемлекеттік Рәміздер күні болып белгіленді.  Ұлттың тұтастығын, елдің бірлігін білдіретін рәміздер күні елімізде ерекше аталып өтеді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
           

 
Шу ауылында футбол алаңы ашылды Баспаға басу

Image1 - маусым Халықаралық балалар күні қарсаңында демеушілер есебінен Шу ауылы округінде шағын футбол алаңы ашылды. Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Салыхан Полатов қатысып ауыл тұрғындарын құттықтады: «Шалғайда жатқан Шу ауылында спорт алаңының ашылуы, ауыл тұрғындарының спортпен айналысуына үлкен мүмкіндік береді. Барлығына қолжетімді спорт алаңы, демеушілер есебінен соғылды. Алда басқа да ауыл округтерінен футбол алаңы іске қосылады»,- деді.

            Айта кету керек өткен 2017 жылы аудан көлемінде 6 спорт алаңы ашылса,  жыл басынан бері 3 спорт алаңы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін өзге ауыл округтерден бизнестің әлеуметтік жаупакершілігі аясында  бірнеше футбол алаң ашылады деп күтілуде.

             

Ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

 
<< [Бірінші] < [Алдыңғы] 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 [Келесі] > [Соңғы] >>

Нәтижелер 1 - 15 ішінен 536

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 22 Маусым 18 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы