Галерея

Жаңалықтар
Жаңалықтар
2019 жылдың 1 желтоқсанына қарасты БЖЗҚ-ның негізгі көрсеткіштері Баспаға басу

БЖЗҚ – бүгінде 10,6 миллионнан астам шоттың есебін жүргізетін және әкімшілік ететін тұрақты қаржылық институт. Бұл шоттарда жинақталған қаражаттың сомасы 2019 жылдың 1 желтоқсанына қарай 10,7 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 14 пайызға көбейді. Өсу қарқыны негізінен міндетті зейнетақы жарналары бойынша ашылған шоттарда байқалады – олардағы жинақ сомасы 10,4 трлн теңгені (жалпы соманың 97,7 пайызы) құрап, жыл басынан бері 14 пайызға өсті.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша жинақталған қаражаттың сомасы 241,8 млрд теңгеге жетсе (бүкіл жинақ ақшаның 2,3 пайызы), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтардың сомасы 1,9 млрд теңге болды (0,02 %).

Салымшылардың МЗЖ есебінен ашылған шоттарында жинақталған қаражаттың орташа сомасы – 1,1 млн теңге, МКЗЖ бойынша – 493,8 мың теңге және ЕЗЖ бойынша – 49,4 мың теңгені құрады.     

Жалғасы...
 
Таяуда зейнетақы шотым бойынша үзінді көшірме алдым. Бірнеше миллион теңге жиналып қалыпты. Алайда соңғы кезде кейбір банктердің таратылғанын немесе басқа банктермен біріккенін көріп жүрміз. БЖЗҚ-ның алдында ондай қауіп жоқ па? Жинақ ақшамыздың сақталуына Баспаға басу

Уайымдауға еш негіз жоқ. «Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған шақта мемлекет алушының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, оның атына Қорға аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары мен мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына кепiлдiк бередi. Дәл мұндай кепілдік әлемнің ешбір елінде жоқ.  Мысалы, Швеция, Австралия, Израиль, Норвегия, Мексика, Эстония елдерінде зейнетақы жинақтарының сақталуына ешқандай кепілдік берілмейді. Ал Чехия, Жапония және Словакияда зейнетақы жинақтарының табыстылығына кепілдік қарастырылмаған. Бұл елдерде зейнетақы қорлары жарналардың атаулы құнының, яғни,  инфляцияны ескермей нөлдік инвестициялық табыстылықтың сақталуына ғана кепілдік береді.

 
Мен кейбір санаттағы адамдардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылғанын естідім. Олар кімдер? Баспаға басу

         «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден:

     1) зейнеткерлік жасқа толған азаматтар (ерлер 63 жасқа толғанда, әйелдер биыл 31 желтоқсанға дейін 59 жасқа толғанда. Ал 01.01.2020ж. бастап әйелдер зейнетке 59,5 жаста шығады); 

     2) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандар;

     3) әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;

     4) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алатындар босатылады.

 

         Бұл ретте бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандардың өтініші бойынша Қорға міндетті зейнетақы жарналарын төлеу одан әрі жалғасуы мүмкін.

 
Менің апам бірінші топтағы мүгедек. Сондықтан жұмыс істей алмайды. Ол болашақта Қордан лайықты зейнетақы төлемдерін алуы үшін Қордағы шотына ерікті жарна аудара аламын ба? Баспаға басу

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ешқашан жұмыс істемеген мүгедектер, мүгедектік тобы мен мерзімділігіне қарамастан БЖЗҚ-дан тек ерікті зейнетақы жарналарынан құралған жинақтар есебінен ғана төлемдер ала алады. Сондықтан Сіздің шешіміңіз дұрыс.

Ерікті зейнетақы жарналары – салымшылардың ерікті түрде БЖЗҚ-ға өз пайдасына немесе үшінші тұлғаның пайдасына аударатын ақша. Ерікті жарналар апаңыздың болашақта мемлекеттік бюджеттен алатын базалық зейнетақысына елеулі қосымша қаражат болады. 

Қорға аударылатын зейнетақы жарналары бекерге жатпайды, әр түрлі қаржы құралдарына инвестицияланады. Сәйкесінше зейнетақы шотына күн сайын инвестициялық табыс есептеліп отырады. 

Айта кетелік, ерікті жарналардың мөлшері мен аудару жиілігін өзіңіз белгілейсіз. Мысалы, желтоқсан айында 10 000 теңге, ал қаңтар айында 4 000 теңге аударуыңыз мүмкін. Яғни, жарна көлемі қаржылық мүмкіндігіңізге байланысты.

Айтпақшы, ерікті жинақтардың артықшылығы сол, оны 50 жасқа толған соң ала беруге болады. Бұл ретте алушы жинақ ақшасын өз қалауымен бір рет толығымен немесе бөліп: ай сайын, үш ай сайын немесе алты ай сайын ала алады. Бұл туралы өз өтінішінде көрсетеді. БЖЗҚ-дан ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдерді алуға қажетті құжаттардың тізімі enpf.kz сайтында көрсетілген.

 

 
Мен жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, өзімнің шағын бизнесімді бастадым. Білейін дегенім, Қорға аударатын зейнетақы жарналарымның көлемін қалай анықтауға болады? Баспаға басу

Жеке практикамен айналысатын адамдар, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар үшін өз пайдасына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті зейнетақы жарналарының көлемі алатын табыстың 10 пайызы мөлшерінде, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің 10 пайызынан кем емес және 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгіленеді.

Еске саламыз, 2019 жылы ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 теңге болды және алдағы 2020 жылы бұл сома өзгеріссіз қалады. Бұл ретте жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ жеке кәсіпкер алатын табыстың көлемін өздері айқындайды.

Табыс болмаған жағдайда жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің 10 пайызы есебімен өз пайдасына Қорға міндетті зейнетақы жарналарын аударуға құқылы. Міндетті зейнетақы жарналарын салық агенті ақшасыз төлем жолымен жүзеге асырады.

           Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар егер банкте шоттары жоқ болса, міндетті зейнетақы жарналарын кейіннен БЖЗҚ-ға аудару үшін банкке қолма-қол ақшамен төлейді. Міндетті зейнетақы жарналарын банк арқылы қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз төлеу Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 
Осыдан екі апта бұрын мен күйеуіммен ажырастым. Енді бізді алда сот күтіп тұр. Мүліктерді бөлісеміз. Менің сұрайын дегенім, зейнетақы жинақтары жұбайлардың бірге жинаған ортақ мүлігі болып табыла ма? Баспаға басу

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезінде жинаған мүлкі олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып табылады. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету ерлi-зайыптылардың екеуінің келiсiмi бойынша жүзеге асырылады. Алайда зейнетақы активтері заттық құқықтар тобына жатады. Яғни, зейнетақы жинақтарының иесі және оның зайыбы бұл жинақтарға зейнет жасына толғанда немесе заңнамада көрсетілген басқа да жағдайлар туындамай жатып иелік ете алмайды.

Осылайша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жатқан және алынбаған зейнетақы жинақтары ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі болып табылмайды
 
Биыл БЖЗҚ қаржы журналистикасы мектебінде 200-ден астам адам білімін жетілдірді Баспаға басу

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халық арасында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында осымен төртінші жыл қатарынан Қаржы журналистикасы мектебінің қарқынды курсын өткізді.

Айта кетелік, ақпарат беру-түсіндіру жұмыстары халықтың қаржылық сауаттылығын, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы жүйесі, Қор қызметтері, зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және дербес зейнетақы жинағын қалыптастыру бойынша хабардарлығын арттыруға бағытталған. Осындай ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде БЖЗҚ-ның басты көмекшісі – әрине, бұқаралық ақпарат құралдары. Сондықтан журналистермен, блогерлермен, сондай-ақ журналистика факультеттерінің оқытушылары және студенттерімен тығыз байланыс орнату өте маңызды. Өйткені соның арқасында Қор жұмысының ашықтығы, айқындылығы қамтамасыз етіледі. Бұл өз кезегінде салымшылардың Қорға деген сенімін арттыра түседі.  

Атап өту керек, курс бағдарламасында мына тақырыптар бойынша оқыту модульдері ұсынылды: зейнетақы жүйелері және «БЖЗҚ» АҚ қызметі туралы; отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері; жинақтау кезеңі – жеке зейнетақы шотын ашқаннан бастап, төлемдерді рәсімдегенге дейін; зейнетақыны жоспарлау және есептеу, дербес кеңес беру; зейнетақы қызметтеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз ету; қолданыстағы электрондық қызметтер.

Жалғасы...
 
Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтіп, марапаттар тапсырылды Баспаға басу

          Image  Бүгін Қазатан Республикасы тәуелсіздік мерекесіне орай, аудан орталығы Шолаққорған ауылындағы мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға ауыл кент округ әкімдері, мекеме, бөлім басшылары, құқық қорғау органының қызметкерлері, БАҚ өкілдері және аудан тұрғындары қатысты. Аудан әкімі Салыхан Полатов көпшілікті мерейлі мерекемен құттықтады.    «Бұл күн ел өміріндегі аса ірі тарихи оқиға, Қазақстан халқының асқақ арманының орындалған ұлық мерекесі. Біз татулығы жарасқан, бейбітшілікті ту еткен елде өмір сүріп келеміз. Мұның бәрі Елбасымыз Нұсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, оның сарабдал саясатын жалғап келе жатқан президентіміз Қасым Жомарт Тоқаевтың, халықтың ауызбіршілігімен  жасампаз еңбегінің арқасы», - деді. Мерекеге арнаған жылы лебізін аудандық мәслихаттың хатшысы Бегімбет Байғараев та білдірді. Ауданның дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарға аудан әкімінің және аудандық мәслихаттың алғыс хаты тапсырылды. Сондай-ақ ұзақ жылдар еліміздің өсіп өркендеуі, ауданымыздың көркейуіне үлес қосқан бірқатар азаматтарға ауданының құрметті азаматы атағын берілді. Олар Әштай Шуақбаев, Әнипа Қашқынбекова, Сейдахмет Мырзахметұлы, Төлеген Нұркелеков, Берді Әсілханұлы, Маруа Қайыржанова, Данабек Бекенов, Іргебай Омар, Берік Мейрбеков, Мағауия Тұрысбеков. Салтанатты жиын аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. 

            Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облыстық филиалының директоры Жеңісбеков Ержан Жеңісбекұлының сұхбаты Баспаға басу

ImageЕржан Жеңісбекұлы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы үш жыл бұрын құрылған, қазір мемлекеттік қызметтерді көрсету тұрғысында қандай жаңашылдықтармен бөлісе аласыз?

Осыдан үш жыл бұрын Елбасының тапсырмасымен «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» жобасы аясында құрылған мемлекеттік корпорация «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы», «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» секілді төрт ірі кәсіпорынды біріктіріп, мемлекеттік қызмет көрсету саласының біріңғай провайдеріне айналды. Осы үш жылдың ішінде қызметтердің дені оңтайландырылып, электронды форматқа өтті, бір жүйеге келтірілді.

Проактивті және композитті қызмет көрсету форматын енгізгеннен соң талап етілетін құжаттар саны мен қызмет көрсету мерзімі қысқартылды. Атап айтсақ, қазір азаматтар зейнеткерлікті бір ғана өтінішпен рәсімдей алады, ал  босанған аналар баланың туу туралы куәлігі мен сәбидің күтіміне байланысты жәрдемақыны рәсімдеу, бөбекті балабақша кезегіне қою ­сияқты үш қызметке ешқайда бармай-ақ, ұялы телефонның көмегімен өтініш беру мүмкіндігіне ие болды. Биылдан бастап осы қызметке  баланы мекен-жайы бойынша тіркеу қызметі де қосылды. Жаңа босанған ана sms-ке жауап бере отырып, перзентханадан шықпай тұрып барлық құжаттарын рәсімдей алады. 

Айта кетейік, Қазақстан ТМД мемлекеттерінің арасында алғашқы болып осы проактив әдісімен мемлекеттік қызметтер көрсетуді жүзеге асырды.

 -Түркістан облысында халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету ахуалы қалай екенін айтып өтсеңіз?

Жалғасы...
 
СОЗАҚ: Асқар Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебінің қосымша жайы пайдалануға берілді Баспаға басу

        Image    Қазақстан Республикасы тәуелсіздік меркесі қарсаңында аудан орталығы Шолаққорған ауылындағы Асқар Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебінің қосымша жайы пайдалануға берілді. Зәулім ғимараттың ашылу салтанатында аудан әкімі Салыхан Полатов құттықтау сөз сөйледі. «Осы жылдың басында басталған 300 орындық Асқар Сүлейменов атындағы білім ошағының қосымша жай құрылысын, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында аяқтап, өздеріңіз куә болып отырғандай ел игілігіне беріп отырмыз. Бұл сөзсіз Тәуелсіздіктің арқасы. Білім ордасында оқушылар заманға сай білім алып, үлгілі азаматтар болады деп сенеміз»,- деді. Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов өз ризашылығын білдірді.

            Жаңадан бой көтерген мектепте физика, химия, информатика кабинеттері, мультимедиялық және лингафондық бөлмелер соңғы үлгідегі технологиялармен және компьютерлермен жабдықталған.

            Айта кету керек 2011 жылы бұл мектепке уран өндіретін «Катко» кәсіпорны жаңа ғимарат салып берген болатын. Оқушы санының көбейуіне байланысты жаңа қосымша жай қажеттілігі туындап, ол ғимарат аудандық бюджеттен соғылып отыр. 

Мұнан бөлек, ауданда Қаратау ауылдық округі, Ақсүмбе елді мекеніндегі С.Қожанов атындағы 100 орындық мектеп құрылысы, Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебіне 300 орындық жай құрылыстары жүргізілуде. Олар келер жылы пайдалануға беріледі.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
<< [Бірінші] < [Алдыңғы] 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 [Келесі] > [Соңғы] >>

Нәтижелер 1 - 15 ішінен 805

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 21 Қаңтар 20 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031   

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы